Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мұнайлы ауданында кәсіпкерлердің түйіткілді мәселелері талқыланған басқосу өтті

122

Мәселен, кәсіпкер Райымқұл Бурбасов 2014 жылдан бері құс шаруашылығымен айналысады. Жергілікті әкімдік тарапынан шаруашылықтың су, газ, электр жарығын тарту сынды мәселесі толық шешімін тапқан. Кәсіпкердің айтуынша, ендігі қиындық күн сайын көбейіп жатқан жұмыртқа мен тауықтарды сататын арнайы орынның жоқтығы. Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Жолбаев уақыт оздырмай кәсіпкерге сауда нүктесін бөлуге тапсырма берді.

Кәсіпкер Сүйіндік Қарабай:

«6 млн теңге несие алып, түйе шаруашылығын бастадым. Алайда, Ойсыл қара тұқымын бағу оңайға соқпай тұр. Көршілердің ауласына кіріп, жолдағы ағаштарды күйретіп барады. Енді қайда ұстаймын? Сондықтан да мал бағатын 20-25 сотық жер керек»,- дейді.

Әкімдік қызметкерлері іскерге аукцион арқылы берілетін жерге құжат тапсыру қажеттігін түсіндірді.

https://kaz.365info.kz/mangystaulykh-kasipkerler-ozara-synakhkha-tysip-yzdikteri-anykhtaldy-foto-327994

Кәсіпкер Сәнім Досжанованың мәселес і- «Нұр капитал» арқылы берілетін несиеге қолының жетпей жүргені. Ауылдан балабақша ашуды көздеген іскердің кәсібі орта жолда тұрып қалған. Ендігі бар мақсаты – жеңілдетілген қаражатты алып, балаларға білім-тәрбие беру. Бұл кәсіпкерге аудандық кәсіпкерлер палатасының мамандары көмек беретін болды. Мұннан өзге Мұнайлы ауданы кәсіпкерлерін баспахананы кеңейту, ауыл ішіне билборд ілетін орын бөлу, тіс емханасы орналасатын кеңсе алу т.с.с. мәселелер толғандыратын болып шықты. Барлық сұрақтар бойынша оң шешімін бірлесіп табу үшін кеңес берілді.

Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әмірғали Жанаев:

«100 сауда орны» деп аталатын жоба бар. Бірдей эскиз бойынша жобаланып, ашылатын сауда нүктелері Ақтау қаласында пайда болады. Мұндай әдісті Мұнайлы ауданында да жүзеге асыруға болады. Талаптары барынша жеңілдетілген индустриалды шаруашылық аумақ ашып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік бар», – деді.

Мұнайлы аудандық кәсіпкерлер палатасының бизнес- жаттықтырушысы Райхан Бекқожаның айтуынша, кәсіп ашу үшін несие алғысы келетіндер көп. Бірақ банкке кепілдікке қоятын мүліктің құжаттарындағы олқылықтар, оны жөндетуге кәсіпкерлердің ұзақ жүріп алуы кедергі келтіруде. Аудан әкімдіктері бизнес бастағысы келетіндерге анықтама, рұқсат қағаз секілді құжаттарды беруге құлықсыз. Бір бет қағазды бір айда алатын кездер жиі болады. Осындай қиындықтардың кесірінен жыл басынан бері 10 ғана жоба жүзеге асты. Жоспар бойынша осы жылдың аяғына дейін аудан көлемінде 45 бизнес жоба іске қосылуы тиіс еді.

Қазір Үкіметтің қолдауымен кәсіп ашамын деген азаматтарға жол ашық. Тұрғындарды тегін курста оқыту, шәкіртақы төлеу, бизнес-жоспар жасақтауға көмектесу, несие алу жолдарын үйрету, ашылған кәсіпті тағы бір жыл сүйемелдеу сияқты толып жатқан қолдаулар бар. Сондықтан да мамандар 155 мыңға жуық халқы бар Мұнайлы ауданын кәсіптің жаңа әрі тиімді түрлерін көптеп ашуға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз