Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мұнай дағдарысынан кейін теңге бағамы қандай болады?

336

ОПЕК+ келісімінің бұзылуы мұнай бағасының төмендеуіне әсер етті. Бұл  шикізат көзіне тәуелді Қазақстан экономикасына соққы болатыны сөзсіз. Келесі күні Ұлттық банк бірден базалық мөлшерлемені 12%-ға дейін көтерді. Бұл барлық несиенің пайыздары автоматты түрде артатынын білдіреді. Депозиттердің де (басқа да жинақтау құралдары да) пайызы көтеріледі. Қалай дегенмен де бұл төтенше жағдайда қабылданған шара. Реттеуші мұны қандай мақсатпен орындады және базалық мөлшерлемені атқару экономикаға қалай әсер етеді?

Бұл шараның да екі қыры бар

Экономист Вячеслав Додоновтың пікірінше, бұл әрекеті арқылы Ұлттық банк валюталық нарықтағы байбаламды тоқтатып, алдағы уақытта теңгенің бұдан да  төмен құлдырауын болдырмас үшін қабылдап отыр. Теориялық тұрғыда бұл келесі жолмен әрекет етеді.

Заңды тұлғалардың ақшасы әдетте жұмыс істеп тұрады: олар қандай да бір қаржы құралдарына орналастырылған

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі артса, қалғандары да артады. Соның ішінде теңге құралдары тартымдырақ болады. Сәйкесінше қолында теңгесі бар халық оны басқа валютаға ауыстырға асықпайды.

Шетелдік инвестиция ағыны келеді деп күтіледі. Бұл фактор дамыған валюталық нарықтарда жақсы жұмыс істейді, біздің нарықта да өз нәтижесін көрсететіні  анық.

— Бұл теория жүзіндегі болжам, нақты қазіргі жағдайда не болатыны — басқа мәселе,

— дейді Додонов.

Яғни мөлшерлемені арттыру арқылы реттегіш мұнай құлдырауының нәтижесін тоқтатуға тырысты.

— Сейсенбі күні  KASE-те сауда-саттық  ашылғанға дейін (дүйсенбі күні биржа жұмыс істемеді) реттеуші теңге бағамын тұрақтандандыру үшін валюталық интервенция жүргізетінін мәлімдеді. Сондай-ақ мемлекеттік компанияларға қажеті болмаса валюта сатып алуға тыйым салынды деген жаңалық тарады. Яғни, барлық күшін салып, валюталық нарықты тұрақтандыруға тырысты,  — дейді сарапшы.

Алайда базалық мөлшерлеменің жоғарылауының екінші жағы да бар. Бұл отандық экономиканың несие беру деңгейінің төмендеуіне және мөлшерлемелерді субсидиялау құнының жоғарылауына әкеледі.

— 12 пайыз дегеніміз  — өте жоғары көрсеткіш.

Біз қайтадан пайыздық мөлшерлемелер қос таңбалы санмен белгіленген кезеңге оралдық, соңғы рет мұндай жағдай 2001 жылы болған

—  Бір қадам аттап тоқсаныншы жылдарға қайттық. Бұл жағдайдың шынымен де күрделі екенін дәлелдейді. Жеңілдікпен несие беру, мөлшерлемелерді субсидиялау секілді көптеген бағдарламалар бар. Нақты мөлшерлеме мен жеңілдігі бар несиелерді беретін мөлшерлеменің айырмашылығы артқан сайын, мемлекеттік бюджет оның орнын толтыру үшін соғырлым көбірек қаржы жұмсайды, —  деп атап өтті Додонов.

Ұлттық банк өндірушілерді қыспаққа алды ма?

Нәтижесінде Ұлттық банктің мәжбүрлі шарасының көптеген кері әсері бар. Бірақ Додонов бұл бастапқыда пайда болған дүрбелеңге қарсы жауап қана деп үміттенеді. Ұлттық банк жағдайдың реттелгеніне қарай, кері серпіліс жасап, тиімдірек деңгейге қайта келуге тырысады.

Экономист Асет Наурызбаев мүлдем басқа пікір білдірді. Реттеушінің базалық мөлшерлемені көтеруінен көп зиян келеді. Оның ойынша,

қазіргі жағдайда, керісінше мөлшерлемені төмендету керек болған

Соның нәтижесінде отандық бизнес арзан несие алып, ары қарай дами беретін еді. Қалай болғанда да осындай қолайсыз кезеңнен аман-есен өту мүмкіндігіне ие болады.

— Қазіргі таңда коронавирустың кесірінен экономиканың дамуы баяуласа, енді инфляция да өз әсерін тигізетіні анық.

Осы жағдайда Ұлттық банк несиелерді арзандатып, экономикаға ақша берудің орнына, несиені қымбаттатып отыр

Мен бүгін өндіріспен айналысып отырған табысы онсыз да аз адамдардың жабылу туралы шешім қабылдағанын естідім. Себебі олардың несие бойынша мөлшерлемесі артқан. Яғни Ұлттық банк онсыз да жағдайы мүшкіл, құздың шетінде тұрған өндірушінің ары қарай құлатып жіберді.  Бұл өте қате әрекет, — деп есептейді Наурызбаев.

Наурызбаевтың пікірінше, басқа елдердің орталық банктері (соның ішінде Ресей) дағдарыс кезінде мөлшерлемелерді төмендетеді.

Сарапшы басқа шараларды ұсынды. Ең алдымен нарықтағы алып-сатарлық операцияларды шектеу, кейіннен экономиканы ынталандырумен айналысу керек. Бұл үшін осыған дейін айтқанымыздай, базалық мөлшерлемені төмендеткен жөн.

Теңге рубльге тәуелді ме?

—Тексеру жүргізіп, мөлшерлемені кімнің мүддесі үшін көтергенін, олардың қайда отырғанын анықтау керек. Бұл шешімді түсіну өте қиын, — деп мәлімдеді сарапшы.

Теңге бағамына келетін болсақ, Наурызбаев қандай ба бір болжам жасаудан бас тартты. Дегенмен алғашқы күндері алып-сатудың әсерінен белгілі бір тербелістің болатынын айтты.

— Сондай-ақ теңгеге тек қана мұнай емес, ресей рублі де әсер етеді. Сондықтан рублдің жағдайын да бақылауда ұстау керек. Біз оның соңынан жүреміз. Мұнай бағасы әлі екі-үш ай бойы төмен бағада болады. Басқаша болса Сауд арабия мұны бастамас те еді, — деп нақтылады сарапшы.

Айтпақшы, Додонов теңге бағамы рубльге байланысты деген пікірмен келіспейді. Ол бұл «әдейі ойластырылған» пікір деп есептейді.

— Рубль бағамы теңге бағамын қалыптастыратын факторлардың құрамына кірмейді, — деді ол бұл мәселеге қатысты.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз