Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

Мына жұптың жасы 20-да екеніне сенесіз бе? (фото)

122

 Ерғазы Меңдібаевтың айтуынша, ол бастапқыда Интернетте олардың суреттері көрсетілген әзілге аса назар аудармаған.

“Досым маған сайттардың бірінде жарияланған жұбайымыз екеуіміз түскен суреттің скриншотын жіберді. Содан бәріміз бір күліп алдық. Бірақ бірнеше күннен соң суретіміздің тағы бірнеше интернет-ресурстарда жарияланғаны туралы скриншоттардың саны оннан асты. Бұл мүлде күлкілі болған жоқ. Әйелім тіпті ренжіп қалды. Әсіресе, суретке жазылған пікірлерді көңілге алып қаласың. Онда адамдар жағдайдың мән-жайын білмей жазып жатты. Жағымсыз пікірлер қалдырып, тіл тигізгендер болды”, – дейді Ерғазы Меңдібаев.

Басылымның мәліметінше, Ерғазы мен Динара 2016 жылы үйленген. Ол кезде күйеуі – 21 жаста, ал әйелі 20 жаста болған. Cондай-ақ, олар Жаңаөзенде емес, Ақтауда тұрады екен.

“Бізге бұрындары да кәмелетке толғанымызға ешкім сенбейтін.Үнемі жеке куәлікті көрсетіп жүру керек болатын”, – дейді ерлі-зайыпты. Ерғазының айтуынша, қазіргі уақытта оны қоғамдық көліктегі адамдар танып жатыр. Тұрғындар оған жақындап, расында да жұбайы екеуінің жасы 14-те ме, жоқ па – соны сұрап жатады екен.  “Мен бізді әзіл еткен адамды тауып, одан мұны не үшін істегенін сұрағым келеді”, – дейді Ерғазы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Маңғыстауда 14 жастағы жұптың отау құрғаны туралы мәліметтің расталмағаны жайлы хабарланған болатын. “Заң бойынша біз тек АХАЖ-да тіркелген жұптың некесін қия аламыз. Олардың жас мөлшері 16-дан асуы керек. Сол себепті мұндай жағдайдың мешітте болмағанын сеніммен айта аламын. Менің білетінім, осы суреттегі жігіттің жасы шамамен жиырмада. Маған мұны мешітке келушілердің бірі айтты”, – деген еді имам.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз