Бұл жігіттің есімі Саяд Гариби. Небәрі 24 жастағы Иран азаматы. Бұл дәудің салмағы қазірдің өзінде 162 келі.
Білетіндердің айтуынша, ол негізінен батпандай бұлшық ет пен өте жуан сүйектерден жаралған.
Саяд ауыр атлетикамен айналысады. Қолы босай қалғанда өзін суретке тартқысы келетіндерге тасыған күші мен алып денесін көрсетуден жалықпайды. Instagram-да Саядқа 59000 адам жазылыпты.