Қостанайлық полицей қыздың жалаңаш суреті желіге тарап, оның арты айғайға ұласты.
Тексере келгенде оны желіге қыздың анасы жүктеген боп шықты, – деп хабарлайды Время.
https://kaz.365info.kz/naparnigimen-s-ra-politsiya-yzmetkeri-zh-rgizushini-ne-shin-to-tat-anyn-ajta-almady-236624
«Мен фототүсірілімге қатысқанмын, нешеме түрлі көйлек кидім. Оны жақсы білем. Бірақ желіге нақты қай суреттің тарап кеткенін білмеймін. Ол суреттерді менің рұқсатымсыз анам желіге жариялаған екен. Құрбыларына қызын көрсетіп мақтанбақ болған. Қазір шешеммен сөйлесуге бара жатырмын. Неліктен бұлай жасағанын сұраймын.
Бірақ ол суреттен ешқандай қылмыс көріп тұрған жоқпын. Суретке түскенде спортты купальниктен басқа ашық киім киген емеспін.
Онда да денемнің тек бір бөлігі ғана көрінеді. Дегенмен, менің лауазымымдағы қызметкердің осындай сипаттағы суреттерін желіде жарияламау керек екенін білем».
Бір суретке бола жұмыстан шығып қала ма деп алаңдаған әріптестері Гүлмираға араша түсіп жатыр.
«Мемлекеттік қызметкер мұндай жағдайда суреттің өшірілуін қадағалау керек. Егер өзі емес, өзгелер жариялап жатқан болса, ол үшін қызметкерді кінәлаудың керегі жоқ секілді», – дейді мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының жетекшісі Мэлс Абдрахманов.
https://kaz.365info.kz/alyp-khashkhandary-khyz-emes-ajel-eken-almaty-politsiyasy-tysinikteme-berdi-video-252388