Кардиохирург жүрек ауруына шалдықпаудың құпиясымен бөлісті.
Кардиохирург энергетикалық сусынды мүлдем ішпеу керектігін айтты. Оның пікірінше, бұл жүрекке артық салмақ түсіріп, денсаулыққа кесірін тигізеді.
“Энергетикалық сусынды мүлдем ішпеген дұрыс. Себебі, олардың құрамында глюкоза яғни қант өте көп, әрі бұл сусындар газдалған болып саналады, концентраты да бар. Энергетикалық сусын адам организміне кері әсерін тизігіп, жүректің соғуын өзгертеді. Кофені аз мөлшерде ішуге болады. Бірақ оны шектен тыс ішуге кеңес бермес едім. Жалпы уақытында тынығып, уақытында жұмыс істеу керек”, – дейді Ермағамбет Қуатбаев.