Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Мықты ұлтпыз” дегеннен не пайда? Қазір ешкім болмасақ… 

505

Желі қолданушысы Асан Мұраттегінің жазбасы осы ойымыздың үстінен дөп түсіпті. Автор былай деген екен:

“Болашақ” бағдарламасымен 13 000 адам оқып келіпті. 

😨
130 000 адам оқып келсе де велосипедке бір “запчасть” ойлап таппаған соң, ол да бір құрдымға кеткен бағдарлама болды деп ойлаймын.

Алысқа бармай ақ, эстондар Skype-ты ойлап тапты, белорустар world of tanks-ты ойлап тауып, жылына 500 миллион доллар пайда тауып отыр.

“Кезінде анандай болғанбыз, мынандай болғанбыз, мықты ұлтпыз” дегеннен не пайда? Қазір ешкім болмасақ.

Оралда бір мезгілде 1500 адам домбыра тартыпты, Астанада пәленше адам жиналып қара жорға билеп рекорд қойыпты деп мақтанамыз.

Оны әлемде бізден басқа ешкім жасамайды да ғой. Кімге қойдық ол рекордтарды?

Құдай бізге аста төк қазба байлық берді. Әлемде қазба байлық жөнінде алтыншы орындамыз. 6 триллион долларлық байлық бар екен. Бірақ қызығын тек санаулы адамдар көреді.

Өзбекстанның алдағы 5 жылдық жоспары бойынша шетелге өзбектерді жұмыс істетпей ішкі нарықпен қамтамасыз ету екен.

Олар соған жеткенде біз Кореяға кетіп қалмасақ болды…”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз