Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Мұхтар, қалай байыдың?”. Ағылшындар Әбіләзовты тығырыққа тіреді

145

Олардың балалары ең қымбат мектептерде білім алып, әйелдері ең атақты кутюрьелердің киімін киіп, өздері ең қымбат көліктерге мініп, тайраңдап жүр.

Олардың кейбірі

Путин режимі берген лауазым арқасында біраз қоң жинап алған ресейліктер болса,

енді біреулері Таяу Шығыспен немесе Нигериядағы есірткі кортельдерімен байланыстары бар «бизнесменсымақтар». Негізінен, олардың байлығы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықпен келген.

https://kaz.365info.kz/lakhap-aty-zhamila-abilyazovtin-ashynasy-turaly-ashhy-shyndykh-294604

Британия алаяқтық жолмен қордаланған байлық үшін қауіпсіз аймақ ретінде белгілі еді.

Мәселен, Transparency International елде тығылып жүрген экс-бизнесмендер мен экс-саясаткерлерден табылған 4,4 млрд фунт сомасындағы байлық заңсыз активтермен байланысты деп, күдіктеніп отыр.

КСРО-дан шыққандарға ерекше көңіл бөлінеді

Шынын айтсақ, Британия сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінген саясаткерлер мен бизнесмендердің дәулетін айтпағанда, кәнігі қылмыскерлердің байлығын тәркілеу жағынан түк бітіре алмайтын елдер қатарына жатады.

Десек те, қоғам белсенділері бұл жағдайды өзгертуге болатынына сенімді – өйткені қазір полиция мұндай байлықты жеңілдетілген тәртіппен тәркілеу мүмкіндігін алыпты.

Егер байекештер Еуроодақ елдерінен болмаса, заңның күші «саяси салмақты тұлғаларға» да жүретін болады.

Дәл қазір осындай екі іс қаралуда, олардан кейін мұндай істердің қатары көбейе бермек,

әсіресе, бұрынғы КСРО елдерінен шыққандар ерекше назарда болады.

Егер күддікке ілінген тұлға байлығының шығу тегі туралы түсініктеме беруден бас тартса, Англияның қылмыстық істерді жүргізу кодексіне сәйкес, оның мүлігіне санкция салынатын болады.

Алайда ол үшін тергеушілер байлықтың заңсыз жолмен жиналғанын дәлелдеуі керек, ал ол оңай шаруа емес.

Арасында Әбіләзов та бар

Қазір британ сотының қаһарына ілінген олигархтар қатарында ресейлік “жексұрын” банкир Елена Котова мен миллиардтарды жымқырған қазақтың қашқын олигархы Мұхтар Әбіләзов бар.

2012 жылы Әбіләзов сотқа құрмет танытпағаны үшін жауапқа тартылған, өйткені ол өзінің мүлігін бұғаттаған ордер талаптарын бұзған еді. Экс-банкир елден ізін суытқан соң, оның меншігіндегі үй тәркіленіп, сатылды.

Ал 2016 жылы орыс банкирі, Еуорпаның қайта құрылымдау және даму банксінің атқарушы директоры болған Елена Котоваға тиесілі құны 1,5 млн фунт тұратын зәулім сарай мен 230 мың фунт сомасындағы қаржы бұғатталған.

Полициядағылар егер Котова ханым Британия аумағына оралатын болса, онда ол парақорлық жасады деген күдік бойынша тұтқынға алынатынын мәлімдеді.

Қазір Жоғарғы кеңестің дәлізінде орыстар өріп жүр, мақсаттары – өздеріне тиесілі мүлікті сақтап қалудың жолын табу.

Олардың арасында 5 жалған кәсіпорында миллиондаған фунт стерлингті жасырып қалған олигарх Сергей Пугачев те бар.

Financial Times басылымының мәліметіне жүгінсек, бұл кәсіпорындардың иелігінде Лондонның Челси және Баттерси аудандарындағы түрлі мүлік бар екен.

Ордер жаман атақтан құтқара ма екен?

Полициядағы аға офицерлер жаңа заң қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өте пайдалы құрал болады деген сенімде. Дегенмен тәртіп сақшылары “ол барлық кесапатқа дауа болмайды”, дейді.

https://kaz.365info.kz/ablyazovtyn-nesi-ketti-253319

Transparency International адвокаттар тобының басшысы Рашель Дэйвис Тека (Rachel Davies Teka) былай дейді:

«Англия жаһандық жемқорлыққа қатысушы елдердің бірі. Мұнда басқа елдердің денсаулық сақтау мен білім беру саласының ақшасы шығарылып жатыр.

Өйткені Ұлыбританияда басқа елдерден ұрланған қаржының ізін жасыруға мүмкіндік беретін жағдай қалыптасқан.

Жаңа ордердің күшіне енуінің арқасында біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жолымен қолды болған қаржыны жау көретін аумаққа айналады деген үміт бар…».

Дереккөз: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз