Тен, Полторанин, Галышева – Мұхамедиұлы Олимпиададан үміт күттіретін спортшылар есімін атады.
Олардың бәрі қазақстандық спорт мектебінің тәрбиеленушілері.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Олимпиадаға қатысты болжамын айтып, үміт күттіретін спортшылардың есімдерін атады.
“Денис Теннің бабы өте жақсы, ол керемет өнер көрсетуді межелеп отыр. Бізде жоғары нәтиже көрсете алатын көптеген спортшылар бар. Олар – Галышева, Полторанин, Рейхарт, Тен”, – деді Мұхамедиұлы.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Олимпиадаға аттанған спортшыларға сәттілік тілеген еді.
Дереккөз: bnews.kz