Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларға қатысты ойын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“(…) Спортшылардың көңіл-күйі жақсы, олардың жақсы нәтиже көрсететіндеріне сенімдімін. Бізде осыған дейін жоғары нәтиже көрсеткен бірнеше спортшымыз бар: Галышева, Полторанин, Рейхерд және Денис Тен. Ең бастысы олардың барлығы қазақстандық спорттық мектептерде жаттығып жатыр”, – деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
“Аздаған күндер ғана қалды, Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тағатсыздана күтеміз. Біздің спортшыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз. Медальмен оралады дегенге сенеміз”, – деген еді Сағынтаев.