Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мұғалімдерді интернет арқылы сабақ беруге мәжбүрлеу білім беруді қалай жақсартады

244
Сурет: tib.online-institut.ru

Қазақстандағы сияқты, бүгінде АҚШ-та студенттер мен оқушылардың басым көпшілігі қашықтықтан оқиды. Біздегідей  адамдардың көбі бұған теріс қарайды. Бірақ бір айырмашылық бар.

Қазақстанда негізінен ата-аналар шағымданса, АҚШ-та  оқытушылардың өзі наразылық білдіруде

Олар виртуалды дәрістерге қойылған қатаң талаптатрға топ болды. Өйткені, колледждер мен университеттердің оқытушыларын дәрістер мен сабақтарды видеоға түсіріп,  студенттерге осы формада ұсынуға мәжбүрлеуде.

Сондықтан америкалық академиялық твиттерде бір ай бұрын үлкен пікірталас орын алды. Себебі күндізгі оқыту кезінде оқытушылардың жұмысы аз болса, онлайн оқытуда көбірек.  Шынында да, бір сағаттық дәрісті жазу үшін мұғалімге шамамен екі сағат кетеді. Оған қажетті бағдарламалық жасақтама болғаны бір бөлек, оны пайдалана білу де керек.

Мәжіліс жауапқа тартуды талап етіп отырған министр Аймағамбетов туралы не білеміз?

Алғашқыда мұғалімдер кеңестерімен бөлісе бастады. Қандай бағдарламаларды қолданған дұрыс, процестерді қалай жылдамдатуға болады және т.б. Ал қыркүйек айының басында пікірталастар оқу процесіне видео-дәрістерді енгізудің артықшылықтарын талқылауға ұласты.

Жаңа технология — заман талабы

Академиялық қоғамдастық пандемия АҚШ-тағы мұғалімдердің көп бөлігін сандық технологияны игеруге уақыт пен күш жұмсауға мәжбүр етеді деген қорытындыға келді. Бірақ соның арқасында ұзақ жылдар бойы сақталатын құндылықтарға ие болады.

Атап айтқанда, жаңа Америка қорының Білім беру саясаты бағдарламасының директоры Кевин Кэри былай деп жазды:

«Пандемия ұзақ мерзімді үрдіс. Белгілі бір мағынада білім беру бағдарламаларын жоспарлауға, жобалауға және іске асыруға технологиялардың интеграцияланатыны анық».

Төменде  американдық баспасөзде Білім беру шенеуніктері мен түрлі ғылыми-зерттеу институттарының танымал профессорларының қатысуымен талқыланған негізгі тезистер беріп отырмыз.

Видео дәрістердің артықшылығы

  • Кәдімгі дәрістен айырмашылығы, жазылған дәрісті сақтауға болады. Иә, дәрістің бір сағатын жазуға екі жарым сағат кетуі мүмкін. Алайда, бұл аяқталғаннан кейін профессор бұл сағатты кемінде бес жыл қатарынан қолдана алады.
  • Сандық дәріс тірі қарым-қатынасты толығымен алмастыра алмайды. Бірақ, егер студенттер оны кешке қараса, онда дәріс уақытын талқылауға, түсініксіз сәттер мен пікірталастарға арнауға болады.
  • Сандық дәрістер студенттер тұрғысынан логистикалық артықшылықтарға ие. Сіз ешқашан қызығушылық танытатын сабақты өткізіп алмайсыз.
  • Егер сіз рефератпен немесе баяндамамен жұмыс жасасаңыз, дәрістен қажетті ақпаратты ала аласыз. Сабақтың тиісті сәттерін тоқтатып көруге мүмкіндігіңіз бар.

Дәрістер жаңа оқулық секілді болады

Американдық прогресс орталығының орта білімнен кейінгі вице-президенті Бен Миллер жыл сайын АҚШ-та микроэкономика бойынша жүздеген кіріспе курс оқытылады дейді. Бірақ барлығы 5-6 танымал оқулықты пайдаланады.

«Бұл студенттердің дамуын айтарлықтай шектейді. Мысалы, теорияларды сынға алу үшін мұғалімнің уақыты жеткіліксіз. Сонымен қатар, студенттер жаңа экономистердің теорияларына қол жеткізе алмайды. Болашақ экономистер арасында сыни ойлауды дамыту үшін түрлі көзқарастарды ұсыну керек. Видеолекциялар бұл мәселені шешіп, тақырыпты толық қамтуға мүмкіндік береді», — деді ол CNN-ге.

Вашингтонның профессоры Эрнст Джононның айтуынша, қазіргі жоғары білім беру жүйесінде университеттердің ешқайсысы студенттерге белгілі бір саладағы барлық жетекші мамандарының дәрісін пайдалану мүмкіндігін бере алмайды. Бірақ бейне дәрістер бұл мәселені шешеді және студенттерді даярлау сапасын едәуір арттырады.

«Пандемия барлық деңгейдегі білім беру жүйесіне кесірін тигізді. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одан кейін азаматтың өмірін өзгертетін технологиялар жасалды. Радарлар, реактивті ұшақтар, зымырандар, синтетикалық каучук…

Яғни, бүгінде әлемдік білім беру қоғамдастығына оқыту әдістемесіне цифрлық технологияларды енгізу бойынша күрделі жұмыс жүргізуге тура келеді. Бірақ ол болашақта икемді және қолжетімді жоғары білім алу үшін жағдай жасай отырып, толығымен ақталады. Тіпті үш-төрт жылда жемісін көреміз, — деді ол VOX-ке берген түсініктемесінде».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз