Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Моторым қайда, моторым…”. Алаяқтар Koleso мен Olx сайттарын жемсау қып алыпты

Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 24-сәуірде 1990 жылы туылған қала тұрғыны «Koleso.kz» интернет сайтында орналасқан «Nissan Patrol» маркалы автокөлігіне қозғалтқыш сатамын» деген хабарламаны көзі шалып, сатушыға хабарласады. Өзара келіскеніндей, «Kazkom» банкі арқылы ол сатушы шотына 300 мың теңге аударады. Артынан сатып алған зат та, аударған ақша да жоқ болады.

Сол сияқты сәуір айында 1979 жылғы қала тұрғыны «Mazda» автокөлігіне қозғалтқыш алып беремін» деген алаяқтың арбауына түссе, 1990 жылы туылған азамат «Мitsubishi space wagon» маркалы автокөлігіне мотор» алып беремін деген ғаламтор арқылы танысқан азаматқа алданған. Салдарынан ғаламтордың ар жағындағы алаяқтардың бір 72 мың теңгеге, енді бірі 145 мың теңгеге оп-оңай кеңелген.

«Iphone» маркалы ұялы телефонды төмен бағада сатып алып беремін» деп алдап, ақшаларын иемденіп алудың да бірнеше дерегі тіркелген.

Мәселен, ақпан айында 1993 жылғы қала тұрғыны «Olx» ғаламтор сайты арқылы «Iphone 5S» маркалы ұялы телефоны 45 000 теңгеге сатылатыны жайлы хабарламаны көреді. Иесімен телефон арқылы уағдаласып, айтқан сомасын банк шоты арқылы аударады. Алайда, ұялы телефон иесі байланысқа шықпай, ақшаны қалтасына басып, ұшты-күйлі жоқ болып кетеді.

Интернет-алаяқтардың арасында өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, ірі көлемдегі несие алып беретініне сендіріп, алдап кететіндер жетерлік.

Мәселен, тамыз айында 1977 жылы туылған қала тұрғыны «Olx» интернет сайтындағы «Forte» банктен 2 700 000 теңге көлемінде несие алып беремін деген хабарламаны көріп қалады. Хабарлама иесімен байланысып, шотына 135 мың теңге аударады. Шамадан тыс сенгіштігінің нәтижесінде алаяқтың арбауына ілігіп, шығынға ұшырайды.

Барлық дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, „Алаяқтық„ бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Осы жайттарды ескере отырып, қызылордалық полицейлер қандай да бір келісім жасамас бұрын интернеттегі хабарламаның немесе жарнаманың шынайылығына көз жеткізуін сұрайды. Сонымен қатар, төлем жасамас бұрын алатын заттың бүтіндігін көріп, тексерген абзал. Төлем жасаған жағдайда, чекті сақтап қойып, көрсетілген қызмет жасалмаса, бұл жөнінде құқық органдарына жүгінуін сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз