«КешYOU» тобының экс-мүшесі өз бақытын тапқан сыңайлы. Әншінің сүйікті адамы бар, бірақ ол онымен көрерменді таныстыруға асықпайды.
“Мен оны көпшілікке көрсетуге қорқамын, себебі бұл біздің қарым-қатынасымызға теріс әсер етуі мүмкін. Жақын арада менің жеке өмірімде өзгерістер болады. Күтіңіздер. Менің сүйікті адамым бар, мен одан ештеңе сұраймын. Мұның бәрі құпия болсын. Уақыты келгенде, бәрін білетін боласыздар. Жақында мен ғашығыма арнаған бейнебаянды шығарамын. Бірақ менің сүйіктімнің рөлін актер сомдайтын болады”, – деді Мөлдір Shownews.kz сайтына.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шыққан болатын. Алайда жұп бір жылдан кейін ресми түрде ажырасқан. Күйеуі Арыстан ортақ ұлдары 5 айға толған кезде отбасынан кетіп қалған. Содан бері ол баласын жалғыз тәрбиелейді және күйеуімен де, туыстарымен де араласпайды.