Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мөлдір Әуелбекова баласының әкесімен араласуына қарсы емес екенін айтты

943
Әншіге күн сайын ұлы, экс-күйеуі мен екеуінің ара-қатынасы жайлы сауалдар жолданады. Мөлдір бұған дейін әкесінің ұлымен кездеспейтінін айтып қалған еді.

Алайда Әуелбекова екеуінің қарым-қатынасын бұзуды о баста мақсат тұтпаған. Бұл туралы әнші “Астана” арнасына берген сұхбатында айтты.

«Бес айлығында тастап кетті». Мөлдір Әуелбекова күйеуімен ажырасқанын мойындады (видео)

 

“Рұқсат беремін, ешқандай құқығым жоқ. Менің балам, Алладан қорқамын. Ерлі-зайыптылармен болған мәселе, бұл жерде баланың еш қатысы жоқ. Сол себепті ешқандай қарсылық білдірген емеспін, білдірмеймін де. Ол айтылып жатыр, солай болып жатыр. Себебін білмеймін, білгім де келмейді”, – дейді Мөлдір.

Өнер иесі жұрт ойлағандай, жеке өмірінен “пиар” жасағысы келмеген. Айтуынша, халықтың өзі әншінің шығармашылығынан қарағанда жеке өміріне қатысты жаңалықтарға баса мән береді.

«Келмейді бұған…». Баласын көтерген Мөлдір Әуелбекова жылап қалды (видео)

“Қара пиарды әдейі, ақылы түрде жасайтын өнер адамдары бар. Болмаса жеке өміріне байланысты қара пиарды халықтың өзі алып кетеді. Көбіне әншілердің жеке өміріне байланысты, әріптестерімнің басынан өтіп жатқан оқиғаларға байланысты… Оның бәрі әдейі жасалып жатқан жоқ қой. Дегенмен халық соны тез сіңіріп алып жатыр”, – дейді Әуелбекова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз