Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Мисс Қызылорда» өзін жезөкше деп атаған ер адамның сазайын берді

528

Кеше түнде Алматы полиция қызметкерлері Талдықорғанның 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұған дейін ол әлеуметтік желілерде Гүлнұр Нұртаза жезөкше болып жұмыс істейтінін, ал бәрі талқылап жатқан жаңалықты «хайп» үшін арнайы ойлап тапқанын жазған болатын.

Қылмыскерді жала жапты және жалған ақпарат таратты деп айыптап, қыз полицияға хабарласып, арыз берді.

Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етті. Келесі күні Алматы облысының тұрғыны АІІБ-ға жеткізіліп, жасаған ісін мойындады.

Жеке айыптау тәртібінде іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, жақында желіде Қызылордадағы кафелердің бірінде жұмыс істейтін Гүлнұр Нұртазаның видеосы тарады.

“Қазақстан аруы-2019” және “Қызылорда аруы-2017″ сұлулық байқауының финалисі ата-анасыз қалып, өзін-өзі қамтамасыз етуге мәжбүр болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз