Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Мирзиёев олигарх Усмановтың ұшағымен ұшып жүр

«Өзбекстан үкіметіне «Узбекистон хаво йуллари» ұлттық компаниясы президенттің ресми сапары үшін жалға алуға бірнеше ұшақты іріктеуден өткізсін деген тапсырма берілген. Қауіпсіздік тұрғыдан Airbus 340 M-IABU ұшағы таңдап алынды», – деп мәлімдейді «Узбекистон хаво йуллари».

FlightRadar24 сервисінің мәліметіне қарағанда, соңғы бір жылда Әлішер Усмановтың ұшағы Ташкентке кемінде 12 рет қоныпты. Ең алғашқы рейс Ислам Кәрімовті жерлеу күні – 3 қыркүйекте болған. Әрбір сапары 2-3 тәулікке ғана созылған.

Әлішер Усмановтың Airbus A340-313 ұшағы әлемдегі ең қымбат ұшақтың бірі болып саналады. Оның құны – 350 миллион доллар. Бұл ұшақ әкесінің құрметіне «Burkhan» («Бұрхан») деп аталады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Әлішер Усманов бір-біріне жақын құда болып келеді. Мирзиёевтің әйелінің немере сіңлісі Диера Усманова Әлішер Усмановтың немере інісіне тұрмысқа шыққан. Алайда Усмановтың немере інісі Бабур 2013 жылы Ташкентте жол апатынан қаза тапқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз