Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Мирзиёев — Кәрімов емес: ол көршілерімен тату болғанды қалайды

Тәжікстан мен арадағы қарым-қатынасты реттеу жұмысы да назардан тыс қалған жоқ — екі ел арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді. Мұның алдында екі ел арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау мақсатында Тәжікстан азаматтары үшін визалық тәртіпті жою туралы ұсыныс айтылған болатын. Алайда осындай жағымды үдерісті Тәжікстанда Рогун ГЭС-нің құрылысы басталуы бұзып жіберуі мүмкін, оның жобасы көптен бері Ташкенттің қауіптенуін тудырып отыр.

Өзбекстанның жаңа ұмтылыстары мен қауіптері туралы Орта Азия бойынша сарапшы тарих ғылымдарының кандидаты Александр Шустов әңгімелейді.

Сайлау алдында Мирзиёев жылдам жетістіктерге жеткісі келеді

— Неліктен ресми Ташкент көрші елдермен қарым-қатынасын реттеп, дұрыстауға бел шеше кірісті деп ойлайсыз?

— Бұл жерде көп дүние басшының тұлғалық қасиеттеріне байланысты.

Мирзиёев көрші елдермен тату болғанды қалайды, олармен араздасуға құлықты емес

Оның үстіне, сайлау алдында ол өзінің қол жеткізген жетістіктерін көрсеткенді жөн санайды. Осы орайда, көршілес орталық азиялық республикалармен қарым-қатынаста жылдам жетістіктерге қол жеткізуге болады. Шекаралық тәртіпті жеңілдету екі ел азаматарына да тиімді, көп ретте көрші республикада олардың туыстары тұрады.

Оның үстіне, Орталық Азия – тез көтерілетін аймақ, шекара маңындағы мәселелерді шешу және реттеу тұрақтылықтың нығаюына әсер етеді, ал одан аймақтың барлық елдері ұтатын болады. Мұның барлығы, Шавкат Мирзиёевтың жағымды келбетін қалыптастыруға әсер етіп, оның танымалдығын арттырады.

shavkat-mirziyaev

Шавкат Мирзиёев

— Өзбек-тәжік қарым-қатынасына Рогун ГЭС-і құрылысының басталуы қалай әсер етпек?

— Бұл жақсы нышан емес. Өзбекстан билігі соңғы уақытта қарым-қатынастарды реттеп, дұрыстауға құлықтылық танытқанмен, трансшекаралық өзендердің ресурстарын пайдалану мәселесі екі ел арасындағы қатынастағы басымды бағыт болып қала бермек. Өзбекстанның Амудәрия өзеніне тәуелділігі өте жоғары. Рогун ГЭС-і құрылысының басталуымен елге келетін су мөлшерінің шектелуі екі елдің қарым-қатынасын ғасыр басындағы және 2010 жылдардағы деңгейге дейін түсіріп жіберуі мүмкін. Ал ол кезде Өзбекстан мен Тәжікстан арасында қырғиқабақ соғысы жүріп жатқан еді.

1247-6-vodovorot_strastei_ru-e1478779082919

Рогун ГЭС-і — көршілес елдерді араздастыруы мүмкін бөгет

— Рогун ГЭС-і бойынша Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе неден туындап отры, тараптар бір біріне қандай наразылықтар білдіруде?

— Екі ел арасындағы қиындықтар мен өзара наразылықтар ежелден белгілі, оларды екі тарап өздерінің ресми мәлімдемелері мен баспасөздегі жарияланымдарында талай рет атап көрсеткен. Тәжікстанға электр энергиясы қажет, ол оны өз қажетіне жаратып қана қоймай, сондай-ақ экспортқа шығармақшы. Ал Өзбекстан елге келетін суармалы суға өте тәуелді. ГЭС-ті салып алғаннан кейін Душанбе Вахштың ағысын реттеуге қол жеткізеді, ал бұл ықпал етудің мықты құралы болмақ.

Ташкент „су тетігінің„ көмегімен жасалуы мүмкін қысымның саяси салдарларынан ғана емес,

сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан және соның салдарынан орын алуы мүмкін әлеуметтік толқулардың орын алуы мүмкіндігінен қауіптеніп отыр.

Оның үстіне, аймақтағы экологиялық жүйе де өте әлжуаз, өйткені кеңес кезеңіндегі „социализмнің ұлы құрылыстарынан„ қатты жапа шеккен. Оның одан ары қарай  құлдырауы әлеуметтік шиеленіс тудыруы әбден мүмкін. Мұндай тығырықтан шығудың жалғыз жолы — келіссөздер жүргізіп, олардың барысында екі тарапқа да тиімді шешім табу.

Дереккөзі: putniksnews-uz.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз