Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Мирзияев сөйтіп жатыр…”. Өзбекстандағы қазақтар ана тілінен неге бас тартты?

301

Айтуынша,

билік басына Шавкат Мирзияев келгеннен бері елде орын алған жағымды өзгерістер бірден көзге ұрады.

– Жаңа жұмыс орындары ашылып, халыққа жеке кәсіп ашу үшін жеңілдетілген несиелер беріле бастады. Соңғы уақытта Қазақстанға көшетіндердің де саны күрт қысқарды, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/ozbekstan-prezidenti-akhtobedegi-khajgyly-zhagdajga-kim-kinali-ekenin-ajtty-298624

Ташкент облысындағы Жоғарғы Шыршық ауылының тумасы Нұрғиса Дүсетов қазір Шымкентте тұрады. Оның айтуынша, Өзбекстанда болып жатқан өзгерістер қарапайым тұрғындардың таңданысын тудыруда.

Нұрғиса Дүсетов

– Мысалы, бір жануарды қораға қамап, сол жерде далаға шығармай, ұзақ уақыт ұстап, артынан оны далаға шығарсаң, сол малдың өзі не істерін білмей, есеңгіреп қалады. Қазір Өзбекстандағы халық дәл осындай күй кешуде.

Қарапайым халық әлі күнге дейін елде оң өзгерістер орын алып, өзбек қоғамының дамуға бағыт алғанына сене алмай отыр.

Жаңа жұмыс орындары ашыла бастады. Туризмді дамыту мақсатында көптеген елдер үшін визасыз тәртіп орнатылды.

Бұрын метроның қасында жәй ғана суретке түскенің үшін басың пәлеге қалатын, басқасы туралы сөз қозғаудың өзі артық шығар.

Бұрындары көрікті, зәулім ғимараттың қасында суретке түссең, милиционерлер жаныңа жетіп келіп, жауаптың астына алатын, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/garysh-salasyndagy-baseke-mirziyoev-baskhargan-ozbekistan-khazakhstandy-basyp-oza-ma-302377

Ташкентте тұратын тағы бір қазақ Арнат Досанның сөзіне құлақ түрсек, автобуста бір қора адам тірідей өртеніп кеткен Қазақстандағы қайғылы жағдайдан кейін билік ниет білдіргендерге өз кәсібін ашу үшін процентсіз несиелер бере бастапты.

Тіпті, ғимаратты жалға алу ақысын бюджеттің есебінен төлейді екен.

– Жергілікті қазақтардың 30 проценті жоғары лауазымды қызметте жұмыс істейді. Дегенмен көпшілігі жергілікті өзбек сияқты ауыр қара жұмысқа жегілген.

Жастар негізінен, құрылыста, фабрикаларда, тігін  цехтарында еңбек етеді. Бұрын бізде жұмыссыздық болатын. Соның салдарынан, олар табыс табу үшін шетелге – Қазақстан мен Ресейге жол тартатын. Иә, қайғылы жағдайлардың да орын алғаны өтірік емес.

Қазір жаңа президент осындай келеңсіздіктерді жоюға кіріскен сыңайлы,

– дейді ташкенттік қазақ.

Өзгерген ештеңе жоқ па?

2000-шы жылдардың басында Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған журналист Ахмет Өмірзақ “Мирзияев билікке келгеннен соң, жағдай тек өзгергендей сыңай танытуда. Бірақ іс жүзінде бәрі бұрынғы таз-кепеш қалпында, ештеңе өзгерген жоқ”, дейді.

– Нақты ақпарат жоқ, сондықтан тұрғындар жақсылықтың болымсыз нышанына алданып, бәрі өзгеріп жатыр деп даурығуда. Жаңа президент ел өміріне жаңалық енгізуге тырысуда, бірақ одан шығып жатқан нәтиже жоқ. Өйткені экономика әлсіз, оның үстіне, нарықтық қатынастарға ешкім ерік беріп отырған жоқ. Өзбекстан бұрынғыдай, оқшаулану саясатын ұстанып отыр, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/tyndamaj-zhatyr-eken-mirziyaevtyn-tagdyry-ne-bolmakh-302586

Қазақ мектептерінің саны азая түсті

Өзбекстанда тұрып жатқан қазақтар кейбір қазақ мектепрінің аралас мектептерге немес өзбек тілінде білім беретін мектепке айналып жатқанын айтады. Бірақ олар

мұндай жағдайдың ата-аналардың арыздарына сәйкес, яғни өздерінің қалауымен орын алып отырғанын алға тартады.

– Жоғарғы Шыршық ауданындағы қазақ мектептерінің көпшілігі аралас немесе таза өзбек тілінде білім беретін мектептерге айналды. Бірақ бұл билік тарапынан жасалып жатқан қысымның немесе олардың насихатының салдары емес, бұл ата-аналардың ықтиярымен орын алып жатқан құбылыс.

Біз кейде оларға мұндай қадамға барудың қажеті жоқ, біз қазақ тілінде де сапалы білім береміз дейміз. Алайда ондай қазақтар өз дегенін істеп жатыр,

олар Өзбекстанның болашағы өзбек тілінде деген сенімде.

Алайда мен және менің алдымда білім алғандар қазақ тілінде оқыды. Кейіннен жоғары білімді Ташкентте өзбек және орыс тілдерінде алдық, ешқандай қиындық болған жоқ. Бірақ қазіргі ата-аналар мұны түсінбейді, – дейді Ықылас Тұрғанбаев.

Тұрғанбаевтың айтуынша, қазақ мектептерінің жабылуына жергілікті қазақтардың өздерінің тарихи Отаны – Қазақстанға жаппай көшуі түрткі болған: қазіргі таңда

 бұрын қазақтар мекендеген аймақтарда көптеген ауылдар қаңырап бос қалған.

https://kaz.365info.kz/karimovtyn-musorysyndar-mirziyaev-ne-byldirip-zhatyr-video-305346

Нұрғиса Дүсетов Өзбекстандағы туыстарына жиі барып тұрады. Сол сапарлар барысында қазақ балаларының өзбек мектептеріне ауыстырылғаны, ел басшылығына қазақ мектептеріндегі білім беру тілін өзбек тіліне ауыстыру туралы арыздардың түсіп жатқаны туралы еститінін айтты.

Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған қандасымыз Ахмет Өмірзақ қазақ мектептерінің жабылуының себебі – олардағы оқушылар санының аздығы дейді. Негізінен олар 9-сыныпқа дейінгі мектептер екен.

«Өйткені аз ұлт өкілдерінің оқушылары 9-сыныптан кейін оқуын колледждерде немесе академиялық лицейлерде жалғастырады. Ал жоғары оқу орындарына түсу үшін олар өзбек мектебінің 11 сыныбын бітіруі керек.

Соның салдарынан, қазақ балалары өзбек мектебінде оқуға мәжбүр.

Шын мәнінде, уақыт өткен сайын қазақ тілінде жоғары білім алу қиындай түсуде»,

– дейді ол.

Басқалар не дейді?

Өзбекстандағы Қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов қазіргі Өзбекстанда 396 қазақ мектебі бар екенін алға тартады.

«Түрлі ұлт өкілдері елдегі 4 университете 7 тілде білім алуда. Мәселен. Қаракалпақстанда 350 мың қазақ тұрып жатыр, жергілікті институттарда қазақ тіліндегі факультеттер бар.

Біздің балаларымыз ешқандай қиындықсыз жоғары оқу орындарында білім алуда.

Низами атындағы университетте біз мектептерге қазақтілді мұғалімдерді дайындап жатырмыз. Қазақ тілінде білім алу мүмкіндігі Сырдәрия облысындағы Гүлістан қаласында да бар.

Біздегі қазақтар өзінің ана тілімен қатар, өзбек және орыс тілдерін де жақсы игерген.

https://kaz.365info.kz/bar-akhsha-tap-mirziyaev-ozbekterdi-resej-men-khazakhstanga-khuyp-zhatyr-305914

Ал ағылшын тілін біз балаларға балабақшадан бастап үйретеміз»,

– дейді жағдайды түсіндірген төраға.

Өзбекстанда бір миллионнан астам этникалық қазақ

Олардың көпшілігі Навои және Ташкент облыстарында шоғырланған.

Билік басына Шавкат Мирзияева  келгеннен кейін, бұрынғы президент кезінде сотталған кейбір қазақтар бостандыққа қол жеткізді.

Кезінде қуғын-сүргінге ұшырап, елден шетелдерге бассауғалауға мәжбүр болған азаматтар қайтадан елге шақырылды.

Ішкі істер министрінің кеңесшісі қызметіне бұрынғы ішкі істер министрі Зәкір Алматов тағайындалды. Оның есімі 2005 жылы Әндіжанда орын алған оқиғаларға қатысты жиі аталатын еді. Кезінде ол ішкі істер министрі лауазымынан «денсаулық жағдайы бойынша» бас тартқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз