Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Министрлік: Жанар-жағармайды жеткізуде проблема болды, ал былай бензин көп

Ағымдағы жылғы қыркүйек-қазан айларында жиын-терін науқанынын дизельдік отынмен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты «ПетроКазахстанОйл Продактс» ЖШС (Шымкент МӨЗ) күрделі жөндеу жұмысы едәуір кеш мерзімге ауыстырылды. Күннің күрт сууының салдарынан зауыттың жоспарлы жұмыс режиміне шығуы әрі қарай жалғасуда. Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстігінде, оның ішінде Алматы және Алматы облыстарында жанар-жағармай жеткізуде кідірістер болды. Қазір жағдай реттелуде және жуықта тұрақты жеткізу жұмысы қалыпқа келтірілетін болады.

«ҚР Энергетика министрлігі бекіткен барлық жоспарлы жөндеу жұмыстары жоспарлы алдын-алу жұмыстарының кестесінен 3 тәулік бұрын, яғни 2016 жылғы 9-қарашада аяқталғанды. Осы кезеңде: технологиялық жабдықтарды, құбырларды, өндірістік пештерді, сорғы-компрессорлық түйіндерді, кабельдік желілерді, электр жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптарын және негізгі және көмекші құрылғылардың автоматикасын техникалық куәландыру және жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмысы кезінде зауытты жаңғырту жобасын жүзеге асыру бағдарламасы бойынша жаңа құбырларды және байланыстырылған жабдықтарды монтаждау, жаңа технологиялық желілерді бар құрылғыларға кіріктіру және қосу жүргізілді», делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз