Биыл еліміз бойынша 4 миллион 265 мың гектар астық жиналды.
Бұл былтырғы көрсеткіштен жоғары деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Орташа өнімділік гектарына 13 жарым центнерден айналды. Ауыл шаруашылығы министрлігі астықты сатып алу құнын жариялады.
1 тонна өнімнің бағасы қосымша құн салығын қоса есептегенде 42 мың теңгеден бастап, 60 мың теңгеге дейін.
Бидай бағамы оның сапасы мен жеткізу орнына байланысты белгіленіп отыр.