Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Министрлер сырттан адам алмау үшін жауапты хатшыларын босатпай отыр — Әшімбаев

Данияр Әшімбаев, сурет: radiotochka.kz

Соңғы аптада Қазақстанның саясат алаңында бірнеше кадрлық шешім шығарылды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Нұрлыбай Сәбит Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басшысының орынбасарлығына тағайындалды.

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің орынбасарылығына— Рустам Ахметов, Марат Омаров және Болат Самбетовті тағайындалды. Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Әсем Нүсіпова Министрліктің қабырғасынан шықпады, бірақ жаңа вице-министр  лауазымына ие болды.

Сол сияқты, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жауапты хатшысы Әнуар Ахметжанов сол ведомствоның бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Алайда, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауынан кейін лауазымынан кеткен жауапты хатшылардың барлығы емес. Саясаттанушы Данияр Әшімбаев жаңадан тағайындалған адамдар кәсіби тұрғыда өздерінің лауазымына сай келе ме және не үшін нақты сол орындарға ие болғаны туралы айтып берді.

Барлығы кетеді

— Данияр, неге президент жауапты хатшыларды кезең-кезеңімен жұмыстан босатуда? Әде оларға сай келетін орын таппай жатыр ма?

— Жауапты хатшылардың лауазымы 2007 жылы енгізілді, ал олардың мәртебесі үкімет туралы Конституциялық заңда жазылған. Жауапты хатшылардың құзіретінде заңды түрде бекітілген көптеген мәселелер бар. Заңды өзгертпестен оларды механикалық түрде алып тастау мүмкін емес. Үкімет туралы заң әлі де қаралатын болады. Бұдан басқа, министрліктердегі басшылық ету тәртібі және лауазымды тұлғалардың өкілеттігі туралы ережеге өзгерістер енгізу қажет.

Жауапты хатшылар президенттік номенклатурадан шыққан, яғни Мемлекет басшысы тағайындайтынын түсінуіміз керек. Яғни, олар қарапайым адамдар емес

Барлығын механикалық тұрғыда жұмыстан шығару қиын, оларды мүмкіндігінше  жұмысқа орналастыру қажет.

Мысалы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пішембаев ТЖМ вице-министрі қызметіне ауысты. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Әсем Нүсіпова министрдің орынбасары болды, Цифрлық даму министрлігінің жауапты хатшысы министрдің бірінші орынбасары болды. Әркен Өтенов СІМ жауапты хатшысы қызметінен Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары қызметіне ауысты.

Яғни, жауапты хатшыларды тарату туралы мәселе  министрліктердегі ағымдағы бос жұмыс орындарын толтыруға сай келеді. Әлі де жұмыстан шығарылатын адамдар бар, бірақ бұл мүмкіндігіне қарай шешіледі.

— Яғни, әрқайсысы лайықты жұмыс тапқанда ғана жаңалық бола ма?

—Жоқ олай емес. Ең оңай жолы —  сол ведомствоның вице-министрі лауазымына қайта тағайындау. Бір жақсысы, олардың санында шектеу жоқ. Қанша тағайындаса, сонша жеткілікті болады.

Жақсы орындар бос тұрмайды

—Иә, кейбір министрлікте 6 вице-министр бар, ал басқаларында 3 ғана бар.

— Кейбір ірі министрліктерде вице-министрлер бұрынғы министрліктердің басшылары қызметін атқаратын блоктар бар. Мысалы, Индустрия министрлігінің құрамындағы көлік және құрылыс министрлігі. Бұған қатысты жақсы, не жаман деп айта алмаймыз. Олар көбіне өздері болуы керек орында.

Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінде бірнеше ондаған департаменттер бар. Барлық осы жұмысты үйлестіру үшін, комитеттерді айтпағанда, белгілі бір адамдар тобы қажет

Сондықтан, аппарат салыстырмалы түрде кішкентай болса, екі-үш вице-министр жеткілікті. Үлкендерінде 6 және 7 осындай лауазым болуы мүмкін. Бұл министрлікті ірілендіретін уақыт келгенін білдіреді. Әйтпесе, біз қайтадан аппараттың шамадан тыс өсуіне жол береміз.

Бір кездері олар вице-министрлердің санын екіге дейін қысқартуға тырысты, бірақ одан жақсы ештеңе шықпады. Олардың жұмысы көбейіп,  мүлдем үлгермей кетті.  Бұл мәселені үкімет реттейді. Вице-министрлердің жүктемесін арттыру өте қиын шаруа емес, себебі бұл үшін заңға қарап, президенттің жарлығын күтудің қажеті жоқ.

— Ал таратылғаннан кейін жауапты хатшылардың функцияларын кім орындайды?

— Бұрын, 2004-2006 жылдар аралығында министрліктерде аппарат басшылары лауазымы болған. Қорғаныс министрлігінде, ІІМ және т.б. секілді күш ведомстволарында  бастапқыда жауапты хатшы лауазымы енгізілген жоқ.

Енді аппарат басшысының мәртебесі қайтадан бекітіледі, бірақ ол заңда көрсетіле ме, көрсетілмей ме, бұл басқа мәселе

Функциялары министрлерге берілуі мүмкін. Іс жүзінде министр немесе үкімет тағайындайтын аппарат басшысы лауазымы енгізіледі. Бұл мәселе әлі талқылануда.

Жауапты хатшылар идеясында жаман ештеңе болған жоқ. Министр саяси мәселелермен, ал жауапты хатшы әкімшілік мәселелермен айналысты. Тек бастапқыда олар тұрақты болады деп көзделген еді.

Ауысудың қиындығы

— Сондай-ақ олар министрлерге тәуелді болмауы керек.

— Иә, нәтижесінде министрлер бұл идеяға тез қарсы келді. Жауапты хатшылар министрлерге қарағанда жиі өзгере бастады. Содан кейін кейбір ведомстволарда бірінші басшылар мемлекеттік сатып алулармен — жауапты хатшылардың тікелей функциясымен бөліскісі келмейтін жағдай туындады.

Соңғы халық санағы бойынша істі еске түсірейік. Статистика агенттігінің төрағасы мен оның орынбасарлары тұтқындалып, сотталды. Ал заң бойынша бұл мәселемен айналысатын жауапты хатшы куәгер болды. Тендерлер онсыз өтті. Қызықты жағдай орын алды, заңда көрсетілген және іс жүзінде орындалған әрекет сәйкес келмеді.

Екінші түйткілді мәселе, жауапты хатшыны президент қызметке тағайындап, босатады. Ал бұл мемлекеттік қызметші ауырып немесе қамауға алынған жағдайда оның міндетін кім атқарады?

Біз лауазымдардың көбінесе осындай себептермен бос қалғанын көрдік. Теория бойынша, егер жауапкер ауырып қалса немесе демалысқа кетсе, ол  бұйрық шығарып, біреуге өз міндетін жүктейді. Бірақ министр міндетін атқарушыны тағайындай алмайды. Әр ведомство бұл мәселені өзінше реттеуге тырысты, ал заңнамалық деңгейде бұл мәселе шешілген жоқ.

Яғни, қазір біз Үкімет туралы Конституциялық заңға барлық функциялар мен өкілеттіктер анық жазылатын түзету енгізілуін күтіп отырмыз ба?

— Иә. Ең алдымен жауапкердің лауазымы мен оның өкілеттіктері заңнан алынып тасталады. Шынымды айтсам, мен заңның Парламентке енгізілгенін әлі көрген емеспін. Негізінде, бұл өте қарапайым мәселе, нормасы баяғыда дайындалды, президент те Жолдауында осы туралы айтты, бірақ қандай да бір себептермен ол тоқтап қалды. Сонымен, қазір  заң реттелгенге дейін министрліктер аппаратын кім басқарады деген үлкен мәселе бар.

Жаңа ескі команда

Неліктен Денсаулық сақтау министрлігі мен цифрлық даму министрлігінің жауапты хатшылары қызметінен босатылды?

— Бағдат Мусин министр лауазымына тағайындалғаннан кейін, ведомствода бірінші орынбасары лауазымы бос болды. Ол осы бос орынды тез жабу үшін жағдайды пайдаланды.

Денсаулық сақтау министрлігінде қайта құру жүріп жатқанын білеміз, Алексей Цой аппаратты қайта форматтауда. Жақында цифрландыру жөніндегі вице-министр Олжас Әбішев тұтқындалып, Людмила Бюрабекова вице-министр қызметінен  кетті.

Цифрландыру министрінің орынбасары тағайындалмаған, бірақ СЭС желісі бойынша жаңа орынбасар—  бас санитарлық дәрігер болып Ерлан Қиясов тағайындалды. Әсем Нүсіпова экономика мен қаржыға жетекшілік етеді деп ойлаймын, емдеу ісін оған сеніп тапсыра алмаймыз. Қазір министрлікке цифрландыру жөніндегі орынбасары қажет.

Маған Мусин де, Цой да жағдайды пайдаланып, бұрынғы жақсы қарым-қатынастағы жауапты хатшыларды вице-министрлердің бос лауазымдарына тағайындағандай көрінді

Не үшін? Сырттан вице-министрлерді алмау үшін.

Нұрлыбай Сәбит Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы болды. Экология мен құқық қорғау жүйесі  бір-біріне қатысы жоқ салалар емес пе?

— Біріншіден, ол бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген, білімі бойынша заңгер, бұл оның тақырыбы. Екіншіден, жауапты хатшы аппаратты басқарды. Көбінесе құқықтық функцияларды: тендерлерді ұйымдастыру, кадрлық мәселелерді шешумен айналысады. Яғни, Сәбит осы орынға орынды тағайындалды Ал ол денсаулық сақтау немесе экология министрі болса, сұрақ қоюға бола еді.

Кадрлық мемлекеттік қызметкерлер

Ал вице-министр лауазымына тағайындалған басқа жауапты министрлердің білімі мен жұмыс тәжірибесі жаңа қызметтеріне сай келе ме?

— Нүсіповаға қатысты мәселе бар. Жауапты хатшының мен вице-министрдің өкілеттіліктерінің өзара ерекшелігі бар. Ол 2006 жылдан 2008 жылға дейін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Шамасы, оның қазіргі лауазымы экономикалық блок бойынша болады немесе оған цифрландыру мәселесі жүктеледі. Бұл оның профилі емес екені анық.

Бір қызығы, Денсаулық сақтау министрлігіне келгенге дейін ол ШҚО әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Даниал Ахметов премьер-министр болған кезде оның командасында  қызмет атқарды. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов та ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметінен келді. Денсаулық сақтау министрлігінде Даниал Ахметовтың адамдары пайда болған шығар. Бұл ойлануға себеп болады, бірақ әлі қорытынды жасауға негіз жоқ.

Бұрынғы  СІМ жауапты хатшысы Әркен Өтеновке келетін болсақ, барлығы түсінікті. Ол СЖжРА төрағасының орынбасары лауазымына ауысты. Ол халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етуі мүмкін. Қажет болса, адамға қолайлы функцияларды табуға болады.

Бізде экономиканың нақты секторында бір күн жұмыс істемеген кәсіби шенеуніктер санаты — кадрлық мемлекеттік қызметкерлер бар

Жақында «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің басшысы Ләззат Рамазанова Әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы болды. Бірақ оның өмірбаянын қарасаңыз, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. «Атамекендегі» лауазымын қоспағанда, оны іскер әйелдер санатына жатқызу қиын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз