Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Министр менингит өршіп тұрған уақытта студенттерге оразаны бұза тұруға кеңес берді

Министр инфекцияға қарсы күрес үшін жоспар құрып қойғанын атап өтті.

“Қазір адамдар көп жиналатын жерлерді қарап жатырмыз. Емтихан уақытында жоғары оқу орындары мен мешіттерді тексерудеміз. Мешіттерден ауаны жиі тазартып тұруын сұрап жатырмыз. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан студенттермен жұмыс істеуді өтіндік.

Менингит өршіп тұрған шақта студенттер оразаны бұза тұрсын деп сұрадық. Себебі ораза кезінде ағза мен иммунитетте өзгеріс болады. Өкінішке қарай, әркез жақсы жағына өзгермейді”, – деп атап өтті министр.

“Біз ҚМДБ-дан студенттермен сөйлесуді өтіндік. Менингит өршіп тұрған шақта оразаны бұза тұрсын дедік. Себебі емтихан уақыты – ол маңызды себеп. Мысалы, ораза кезі саяхаттауға да қолайсыз деп табылады. Адам ағзасы әлсіз боп келеді. Оған инфекция тез жұғуы мүмкін”, – деп түсіндірді Біртанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз