Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Министр Қасымов бастаған жұмысшы топ Қызылорда облысында болып қайтты

Сапар барысында министр ішкі істер, төтенше жағдайлар және қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің жеке құрамымен кездесті. Бұл кездесуде Қасымов Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыру үшін ішкі істер органдары қабылдайтын негізгі шараларға нақтырақ тоқталып, басым бағыттарды пысықтады.

«Қазіргі заман талаптарына сай болу үшін Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ішкі істер органдары қызметін жаңғыртуға және технологиялық дамуына жаңа серпін беруі тиіс»,- деп атап өтті ішкі істер министрі әріптестері алдында.

Келесі кезекте министр жергілікті полиция қызметінің, кезекші бөлімнің және қажетті құралдармен қамтамасыз етілген көшпелі полиция бекетінің жұмысымен танысты. Министр ғимараты толық қайта құрастырудан өткен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде болды. Мұнда бұрынғы жапсырмалап салынған үй-жайдың орнына халықаралық стандарттарға сәйкес сотталғандарды камералар бойынша ұстауға арналған жатақханалар тұрғызылған. Сонымен бірге министр сотталғандардың кәсіптік білім алуы және өңірдің бизнес құрылымдарын тарта отырып, қосымша жұмыс орындарын құру мәселелерін талқылады.

Министрлік басшысының назарына ІІД оқу-жаттығу орталығының, Жалағаш АІІБ және Арал ауданындағы Сексеуіл полиция бөлімі құрылыстарының жобалары ұсынылды.

Сонымен қатар Қалмұханбет Қасымов өткен жылы республика бойынша ұйымдастырылған слёттің жеңімпаздары болған жол қозғалысының жас инспекторларымен кездесіп, оларға жол қауіпсіздігі ережелерін жетік игергендері үшін алғысын білдіріп, олардың осынау ұлағатты істерімен қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлестерін қосып отырғанын және бұл Президентіміз Н.Ә.Назарбаев белгілеген міндеттердің бірі болып табылатынын атап айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз