Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
427
+0.77
EUR
498
+4.39
RUB
6.02
+0.05

Министр: Қазақстанның саналы қоғамы сәләфизмнің таралуына тыйым салмай-ақ жол бермейді

111

Министр қазір Қазақстанда сәләфизмді ұстанушылар қатары азайғаны байқалатынын және олар Қазақстанда ұйымдастырушылық құрылымға ие еместігін атап өтті.

“Біздің ары қарайғы жұмысымыз сәләфизм идеологиясын насихаттайтын әдебиеттер мен интерент-сайттардың таралуына жол бермеуге бағытталады”, – деп мәлімдеді ол.

Министрлік басшысының пікірінше, Қазақстанның саналы қоғамы бұл ағымның таралуына заң тұрғысынан тыйым салмай-ақ жол бермейді.

“Айта кетейін, Қазақстанда қазірде 23 террористік және экстремистік ұйымға тыйым салынды”, – деді Ермекбаев.

Ол сәләфизмнің ұйым емес, діни ағым, көзқарастар жүйесі екендігін атап өтті. Шариғатты ұстанатын кей мемлекеттерде сәләфизмге жақын діни ағымдар дәстүрлі болуы мүмкін. Ал Қазақтанда қазіргі теологтар сәләфизмнің Қазақстан үшін айтарлықтай диструктивтік қаупі жоқ деген ортақ пікірге келетінін де айтып өтті министр.

“Сәләфизмді жақтаушылар өз идеяларын ұлттық дәстүрден, мәдени-рухани құндылықтардан жоғары қояды. Сәләфизм ұстанушылар үшін ең жетілген қоғамдық құрылым ол – қатаң діни қағидаттарға құрылған қоғам болып келеді. Дегенмен, олар бұл туралы ашық айта бермейді “, – дейді министрлік басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ислам әлемінде сәләфизм идеясы беделді дін басылары мен алдыңғы қатарлы ислам ойшылдары тарапынан сынға ұшырап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз