Елімізде көктайғаққа байланысты екі өңірдің жолдары жабылды. Соның бірі – Ақтөбе. Ақтөбе қаласында түнде жаңбыр жауып, ал таңертең күн күрт суытқан. Салдарынан мұқым қала көк айдынға айналып, көліктер мен адамдар жүре алмай қалды.
Табиғаттың тосын мінезі туғызған ыңғайсыз жағдайды мына видеодан да тамашалай аласыздар.
„Ақтөбенің ауа-райы туралы қысқаша„ деп аталатын бұл видео бүгін Aktobe Zello парақшасына жүктелген екен.
Желідегі қауым табиғаттың тосын мінезіне дайын болмаған әкімдікті қатты сынға алуда.
„Ең құрымағанда жаяу жүргіншілер жүретін жерге құм төксе қайтеді, қайта-қайта әкімдік ғимараты алдын „жалай„ бермей„ деп жазды.