Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Міндетті екпелер, екпе салынбаған балалар, айыппұлдар: денсаулық туралы жаңа Кодексте не айтылған?

532

zakon.kz деректері бойынша, құжатта міндетті және ерікті профилактикалық егу туралы айтылған. Біріншісі жоспарлы және эпидемиологиялық көрсеткіштерге қарай бөлінеді.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберіндегі міндетті түрде екпе қойылатын аурулардың тізбесін үкімет айқындайды. Сондай-ақ ол егу жүргізу тәртібі мен науқанның мерзімін, екпе салынатын халықтың тобын анықтайды.

Жоспарлы екпе азамат қажетті жасқа жеткенде және медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған кезде салынады. Егу алдында дәрігер пациентті қарап, оған немесе оның заңды өкіліне егу, оның жағымсыз реакциялары мен екпеден бас тарту салдары туралы толық ақпарат беруі тиіс. Медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

Кодекске сәйкес, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша салынатын екпелерді медициналық қарсы көрсеткіштер жоқ азаматтар ала алады. Міндетті екпе салынатын аурулар тізбесіне кірмейтін кеселдерге қарсы өз ақшасына ерікті түрде екпе салдыру мүмкіндігі де көзделген.

Егуден кейін болған жағымсыз салдарларды тіркеу және тексеру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Екпе салынбаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу қағидаларын және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін уәкілетті орган айқындайды.

Вакциналарды әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау ережелерін, дәрілік заттарға сараптама жүргізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік кодекстің 426-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Заңды тұлғаларға  130-дан 1 000 АЕК-ке дейінгі, лауазымды тұлғаларға — 100 АЕК айыппұл салынады. Кодекстің бұрынғы нұсқасында осыған ұқсас норма болған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз