Продюсер және композитор Адиль Жамбакиев той-бизнес қалай шоу-бизнесті жеңді, авторлық құқықты «қорғаушылар» көлеңкелі жолмен қанша миллиард ақша табатынын айтып берді
— Бреусов, Мақпал Исабекова, Дильназ, Нұрлан Абдуллин… секілді көптеген жұлдыздар сіздің хит әндеріңізді орындап жүр. Авторлық аударымдардың арқасында шалқып өмір сүруге бола ма?
— Тіпті кеңес үкіметі кезінде де бұл салада қатаң тәртіп болатын. Кейде жақсы өмір сүру үшін бір әннің өзі де жеткілікті еді. Батыста да сенің алға қарай дамып, шығармашылықпен өмір сүруің үшін авторлық аударымдар жеткілікті. Бірақ Қазақстанда бәрі басқаша.
2018 жылы авторлар тобы «Абырой» авторлар қоғамының ішінде не болып жатқанын анықтауға тырысты. Біз бастамашыл топ құрып, ортақ жиналыс өткіздік, тіпті аудиторлық компанияны да шақырдық. Нәтижесінде көп адамның қытығына тиетін шындық жария болды:
қаржы авторларға емес, басқа бір адамдардың қалталарына түсіп отырған
Кеңес үкіметі кезінде жүйені мәдениет министрлігі бақылауда ұстайтын, ал авторлар мен орындаушылар белгілі бір мекемеге тіркелетін. Бүкіл ел көлемінде бір ғана авторлық қоғам болды.Олардың өкілі милициямен бірге ресторандарға, концерттерге және басқа да орындарға баратын. Яғни музыка қосылған орындардың барлығы қатаң бақылауға алынатын. Осының арқасында авторлық аударымдар уақытылы түсіп отырды.
Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан кейін бұл жүйе сақталды: есеп беру жүйесі мен адамдар да өз орындарында қалды. Бірақ олар жүйенің әлсіз тұстарын өз пайдасына жаратты. Сондықтан мемлекеттің бақылауына түспес үшін қолдан келген шараны қолданды. Нәтижесінде миллиондаған ақша қалталарына түсіп отырды.
— «Әлсіз тұрстары» дегенде нені айтып отырсыз?
— Қағаз жүзіндегі есептерді айтып отырмын. Оларды пайдаланушылар, яғни, ресторандар, кафе, караоке-клубтары және т.б. толтырады. Рапорттарда орындалатын барлық композицияның орындаушыларын, сөзі мен музыкасының авторы кім екенін және т.б. мәліметтерді көрсету керек. Авторлық қоғамдастық басшылығы ресторандардың жұмысын жеңілдетіп, оны өздері толтырып отырған.
Олар
айтарлықтай үлкен көлемде сыйлықақы алатын адал авторларды таңдап алған
Аудиторлық тексеру кезінде біз рапорттарды ақтарып, тіпті кеңес кезінде орындалмаған әндерді таптық. Ал олардың қатарында соңғы жылдары танымал болған әндер жоқ.
Яғни басшылық пайдаланушылардан ақша жинап алып, рапортқа жазылған ондаған авторға сыйлықақы аударып, қалғанын өз қалталарына салып отырған.
— Авторлардан нақты кімдер барлығы үшін ақша алып отырғанын айта аласыз ба? Бұндай жоспарға адал авторлардың қатысы қандай?
— Бұл алдын ала сақтандыру амалы. Егер ертеңгі күні дау туындай қалса, яғни қоғамда беделі бар бұл авторлар, басшылыққа қолдау көрсетеді. Сыйлықақылар уақытылы аударылды барлығы дұрыс деп жауап береді. Олардың атын атап, түсін түстеудің қажеті жоқ.
Мәселе біреулер оларды өздерінің қитұрқы амалы үшін пайдалануында…
Жақында ғана біз осындай авторлардың біреуімен сөйлескен едік. Ол қазақ тілді ортада өте танымал композитор және ақын. Біз оған барлық құжатты көрсеткенде ол:
«Құрметті әріптестер, бұл туралы хабарым болмады. Иә, мен бұл ақшаны алып отырдым, бірақ «көлеңкелі істерге» қатысым жоқ, – деп жауап берді.
Яғни, бәрі алдын ала ойластырылған. Саған келіп: «Сен керемет, танымал авторсың, мынау сенің сыйлықақың», – десе, кім бұдан мін іздейді?
— Сіз қазіргі авторлық қоғамға қарсы шығып отырсыз. Ал сіздің қоғамыңыз бұндай істермен айналыспайтынына қандай кепілдік бере аласыз?
— Бәрі қарапайым. Гонорар төлеу үшін құжат (рапорт толтыратын қағаз) керек. Кез келген қаржылық қадағалау органы тексеру жүргізсе, жиналған ақша мен аударылған ақшаның көлемін, сондай-ақ әндердің санын анықтауға болады. Оны тексеру оңай.
— Жағдайды өзгерту үшін не істеу керек?
—Бұл тұрғыда Батыс қалай жұмыс істейді? 1949 жылы БҰҰ жанынан ISO ұйымы (Халықаралық стандарттар ұйымы) құрылды. Әрбір өнімнің өзінің стандарты мен коды бар. Музыка және әндер мен өлеңдер де дәл солай.
Біздің саладағы бірінші стандарт — авторларды тіркеу, ол ASWC деп аталады, музыкалық туындының стандарты.
Бұдан кейін бірінші фонограмманың стандарты ASRC. Фонограмма студия қабырғасынан шыққан сәттен бастап, ол стандартқа ие болады.
Осы кодтар бойынша кім автор, кім бірінші орындаушы, кім құқық иеленушісі екенін анықтау оңай
Яғни Батыста бәрі айқын. Барлық туындылар, фонограмма, кез келген орындау мен концерт ретке келтірілген. Қазақстан бұл ұйымға 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін мүше болды, дегенмен, жоғарыда айтылған нақты стандарттар әлі де қалыпқа келтірілген жоқ. Менің ойымша кімге кодтармен жұмыс істеу, кімге қағаз рапоттармен жұмыс істеу ыңғайлы екенін айтпаса да болады.
— Яғни мәселе авторлық саланы цифрландыруға қатысты ма?
— Біз стандарттарды іске қосқаннан-ақ, әлемдік реестрдің бір бөлшегіне айналамыз. Яғни біздің авторлрдың фонограмасы қай жерде, Қытайда, Англияда, Америкада орындалса да, авторларымыз сыйлықақы алатын болады.
Міне «Абыройдың» басшылығы осыған талпынуда. Мен бастаған авторлар тобы авторлық құқық саласын ашық алаңға шығарғымыз келеді.
Сұхбаттың толық видеонұсқасын осы сілтеме бойынша көруге болады