Белгілі неміс футболшысы Арсенал» ағылшын клубының әрі Германия ұлттық құрамасының ойыншысы Месут Өзіл Иордания лагеріндегі сириялық балалармен футбол ойнады.
Айта кетсек, қазіргі уақытта лагерьде 80 мыңнан аса босқын тұрады, деп жаазды E-ISLAМ.
«Арсенал» жұлдызын Иордан футбол ассоциациясының президенті Әли бин әл-Хусейн арнайы шақыртты. Месут Иорданияның солтүстігіндегі босқындар лагеріндегі түрлі спорттық шаралар аясындағы Азиялық футболды дамыту жобасына келіп отыр.
«Мен екі әдісті үйреніп алдым және мұндай футбол жұлдызымен бірінші рет бірге ойнадым. Мен де футбол жұлдызы болғым келеді», – дейді сириялық Әбдул Рауф Халед есімді бала.
«Футбол – менің хоббиім. Мен оны жақсы көрем. Күшті ойыншы болғым келеді. Футбол жаттықтырушыларына алғыс айтамын», – дейді Дара қаласынан келген жеткіншек.