Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мешітте молдаға неке қиғызғандар жауапқа тартылады”. Министр не деп кетті?

313

Одан әрі ешнәрсе айтылмады. Әрине, бұл арада көптеген заңды сауал туады. Бұл не үшін қажет болды, мақсаты қандай? Оған бұл арада жауап жоқ.

Қазақстанда бірнеше әйел алудың жолы қиылмақ па?..

Негізінен, заңды некеде тұрмай, діни тұрғыда некесін қиғандардың көбісін азаматтық некеге жатқызуға болады. Онда министр бірден азаматтық некеге тыйым салынады дей салмай ма? Бірақ тағы олай болмайды ғой. Өйткені біз зайырлы мемлекет емеспіз бе?..

Әлде бірнеше әйел алудың жолын қию ма – бұл. Біздің жағдайда ер адам, әрине біріншісімен заңды некеге отырады, ал қалғандарымен некесін мешітте қия салады. Осылай тұрып жатқан отбасылар көп деп айтпасақ та бізде баршылық. 10 жыл, 20 жыл тұрып тастағандары бар. Ал әлгі заң күшіне енсе, олардың некесі бұзыла қала ма? Үкімет бұзды, тыйым салды екен деп ұзақ жыл некедегі ерлі-зайыптылар арадағы жіпті үзе ме? Бұл, әрине ақылға қонымсыз ғой.

Тіпті, мешітте некесін қидыртып қойғандар осымен кете барсын. Бірақ алдағы жас буынға енді мұндай күн тумайды деңізші. Солай да болып жатыр екен. Қазір мешіттегі имамдар да заңды неке қиылған соң ғана өз қызметтерін ұсына алатынын айтуда екен. Демек, көп әйел алуға заңды түрде шектеу қойылмақ.

Өйткені біздің заң бойынша тек бір адаммен ғана неке қиылады. Осы заңды айналып өтуді біздің азаматтар шариғат жолынан тауып, оны соңғы кездері тиімді әрі жиі қолдана бастап еді…

Бірақ тыйым болғанмен, мына капиталистік қоғамда бәрібір қажеттіліктің орыны өтеледі ғой. Бірнеше әйелді некесіз де ұстай береді емес пе, ақшасы барлар. Тек шариғат жолымен жүретін мұсылман қауымына қиын болары сөзсіз мұндайда. Мұндай шектеуді олар қалай қабылдар екен?

Мүмкін министрлік бұған қатысты егжей-тегжейлі толығырақ мәлімет беретін болар әлі алда. Ал біз пікірін білмек болып хабарласқан саясаттанушы Айдос Сарым некеге қатысты жаңа заңдық өзгерісті толықтай қолдайтынын айтты.

“Талақ” деп әйелін тастап кетіп жатқандар көп

– Қазір „талақ„ деп қарындастарымызды тастап кетіп жатқандар бар. Бір емес, бірнеше баласы бар. Бірақ ер-азаматтан ештеңе өндіре алмайды. Өйткені заңды некеде жоқ қой.

Ал сот, біздің заң да заңды некені ғана мойындайды, болды. Сондықтан осы жағына бір реттеу керек болған.

Қазақстанда тұрған соң осы елдің заңына бағынған дұрыс қой. Ал заңмен бір некеге ғана рұқсат беріледі. Демек, бір рет үйленсең болды. Бірге тұра алмасаң ажырас та екіншісін ал. Оған ешкім шектеу қойып жатқан жоқ. Ал әйелі үстіне әйел аламын дейтіндерді түсінбеймін. Бірақ бұл елдің өз шаруасы. Онда шатағым жоқ, – дейді саясаттанушы.

Оның пікірінше, дінге қатысты заңдағы бұл өзгерістің астарынан саясатты іздеудің қажеті жоқ.

– Бұл арада ешқандай саясат көріп тұрғаным жоқ. Тек құқықтық реттеу ғана. Құқығы тапталып жатқандар бар. Демек, дін министрлігі бұл мәселені шешуі керек, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/tagdyrdyn-talkegi-me-amalsyz-tokhal-bolgan-khyzdyn-syry-277037

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз