Германия канцлері Ангела Меркель Құрама Штаттардың оқшаулық саясатын сынға алды. Ол Америка әлемнен бөлініп, ұлы бола алмайды деді. Handelsblatt газетіне берген сұхбатында Меркель ғаламдасуды дамыта беретінін айтқан.
АҚШ президенті Дональд Трамп протекционизмді (тауарға қымбат салық салу жүйесі) қолдайтынын бірнеше рет мәлімдеген. Ол Вашингтон өзге елдермен саудада әділетсіз шарттан зардап шегіп келе жатыр деген. Соған қарамастан мамыр айында өткен үлкен жетіліктің жиынында Құрама Штаттар қорытынды құжатқа протекционизмге қарсы күресті қолдаған.