Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
12
USD
449
+1.88
EUR
515
+2.47
RUB
5.33
+0.03

Мереке күндері Қазақстан жол полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді

101

Аталмыш іс-шараға ведомствоның барлық күш-құралы жұмылдырылған. Департамент басшысының орынбасары Талғат Өтетілеуовтың айтуынша, мереке күндері көліктегі полицейлер әуе және темір жол қызметін пайдаланатын жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 800-дей тәртіп сақшысы әуежайлар мен теміржолдардағы қоғамдық тыныштықты күзететін болады.

Сонымен бірге, қылмыстың алдын алу, ұрлық, алаяқтық істердің ізін суытпай ашу жұмыстары жедел жүзеге асырылады. Қосымша жедел-тергеу топтары қылмыс орын алған жерлерге жылдам жетіп, аталған жұмыстарға кинологиялық орталықтардың қызметтік иттерін де пайдаланады.

Өтетілеуовтың айтуынша, қазір Астана-1 және Астана «Нұрлы жол» вокзалдарының іші-сыртында 600-ден астам бақылау камерасы жұмыс істеп тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз