Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Менің үш әйелім жоқ”. Белгілі емші Марат Есенбаев өзі туралы шындықты айтты

477

Бұл туралы Zamana.kz хабарлады.

“Менің кеудеме тағылған соңғы орден Франция елінен арнайы келді. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы кеңесшісі, генерал-майор, академик Әбен Нұрманов мырзаның өзі табыстады. Дәл осы марапатпен қатар теология ғылымдарының профессоры атағын алдым.

Жалпы, мен атақ-марапаттан кенде емеспін. Бұған дейін ағылшын патшайымы Элизавета ханымның сый-құрметіне ие болғанмын. Түрлі халықаралық конференцияларда, дүниежүзілік конгрестерде де кеудеме ордендер тағылған. Медаль, грамоталар да баршылық. Бірақ олардың ешбірін текшелеп жинап жүрген жоқпын. Өйткені менің еңбегіме ешқандай баға жетпейді. Мен өз ісімді Алланың ризашылығы үшін істеймін.

Халыққа пайдам тисе, ең үлкен марапат – сол”,

– дейді Марат Есенбаев.

https://kaz.365info.kz/khyzymnyn-atyn-syltan-khojdym-sary-aulie-tagy-da-ake-atandy-foto-video-253360

“Мен шет елдерде көп боламын. Елге келгенде де бір орында тұрақтамаймын, өңірлерді аралайтын кезім көп. Себебі адамдар емге келіңіз деп шақырады. Алдын-ала жазылады. Ал былайша, өзім Алматыда тұрамын. Атырауда бір шаңырағым бар. Ол жаққа жылына екі-үш мәрте барып тұрамын.

Тұрмыс жағдайым жайлы сұрап отырсыз, айтайын. Осыдан 5-6 жыл бұрын Күләш есімді көмекшімнің ұлының басына іс түсті. Соған байланысты мен бүкіл дәулетімді сатып, ақшасын Күләштің ұлына ұстаттым. Осы себепті қазір баспанам жоқ. Пәтер жалдап тұрамыз. Ешқандай кәсіп жоқ. Бары – осы”.

Марат Есенбаев өзімен соттасып жүрген қыздарымен қарым-қатынасы жайлы да айтып өтті.

“Өкінішке қарай ол екі қыз анасына тартпады. Маған да ұқсаған жоқ. Оларды көше тәрбиеледі.Қазір олармен мүлдем араласпаймын. Екеуі де Атырауда тұрып жатыр”, деді.

https://kaz.365info.kz/zhasauyna-khosyp-beripti-ajsaule-bakhytbek-khymbat-kolik-mindi-foto-322526

Сонымен қатар Марат Есенбаев өзінің көп әйелі бар деген әңгімеге де нүкте қойып,  шындығында неге олай дегенін түсіндіріп берді.

“Осы уақытқа дейін жұрт мені көп әйелі бар азамат ретінде танып келді. Бірақ бұл шындығында олай емес. Яғни менің ел ойлағандай 3 әйелім жоқ”.

Осыдан бірнеше жыл бұрын бір топ журналистер: «Сарыеке, Ислам дінінің мәртебесін көтеру үшін қоғамда көп әйел алған танымал тұлғалар, саясаткерлер жайлы жазайық деп едік. Бірақ олар әйелдерін жасырғысы келеді, жария болғанын қаламайды. Қорқады. Осы себепті ел алдында сізді көп әйелі бар азамат ретінде көрсетсек.

Үлгілі отбасын құрған, бірнеше әйелмен тату-тәтті тұратын адам ре­тінде сізді көрсетейік», – деп өтініш айтты.

Мен бірден келістім. «Ислам дінінің абыройы үшін, қоғам үшін» дегесін өзімнің имиджімді, тіпті осы уақытқа дейін жинаған абыройымды да ойламадым. Бірақ ол үшін еш өкінбеймін. Осы әңгіме тарағаны расында да сол кезде біздің қоғамға керек еді. Кейбір екі әйелі бар, бірақ оны паш етуге ұялатын әкімдерге, депутаттарға үлгі болды. Осыдан кейін оларда батылдық пайда болды.

“Қысқаша айтар болсам, менің үш немесе төрт отбасым жоқ. Бірінші әйелім Қанағат Мағжанқызы қайтыс болған. Содан кейін мен үйленбедім. Тек араға бірнеше жыл салып барып Гүлиярды жолықтырдым. Ол – менің өмірлік серігім”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз