Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

“Мені түсірмек болыпты”. Аға дегенім арам болып шықты…

563

Ханшайым деген қыз басынан өткен оқиғаны әлеуметтік желіде жазған екен:

«Алматыдағы «медколлежде» оқимын. Екінші курста. Өзім Оңтүстік Қазақстан облысының тумасымын. Ауылда тірлік болмаған соң әпкем мен оның күйеуі және ағам Алматыдағы бір дүкеннің алдынан «точка» ашып, жеміс-жидек, көкөніс сатады. Бір «точкада» әпкем мен жездем тұрса, біреуінде ағам тұрады. Сенбі-жексенбі оқудан босағанда ағамды демалдырып, оның орнына өзім тұрып беремін. Сауда жаман емес. Жеміс-жидек, көкөніс жақсы өтеді. Сауда жасайтындарды да танып алғанмын, осы «точканың» маңында тұратындар. Кейбірінің атын білмесем де, түрін танимын, қай үйде тұратынын білемін. Кейбірі ақшасы болмай қалса, «ертең, не болмаса басқа күні беремін», деп қарызға ала береді. Жазып қоямын. Содан ба, адамдардың бәрі мен тұрған кезде жылышырай амандасып, кейбірі жанымда тұрып әңгіме айтады.

Жігіт-желең жағы «қандай әдемісің, жігітің жоқ па?», деп қырындап жатады. Үлкендер «нағыз маған келін болатын тәрбиелі, көргенді бала екенсің» деп жатады.

Бір аға бар еді

Солардың ішінде бір аға бар. Жасы елуге тақау еді. Үнемі ыздиып, кастюм-шалбар киіп, галустук тағып жүреді. Инабатты, келісті. Үнемі «қызым, жаным, қарындасым» деп, әдемі сөйлейді. «Қандай мәдениетті, оқыған, керемет аға», деп ішімнен ойлап қоятынмын. Ол кісі ажырасып, екінші әйелімен тұрып жатқанын да естігенмін. «Жақсы адам ғой. Осындай кісіні бағалай алмаған, қадірін түсінбеген не деген әйел» деп, көрмесем де ол ағаның бірінші әйелін іштей кінәлап қоятынмын.

https://kaz.365info.kz/byryngy-zhigitimdi-koz-zhasym-zhibermedi-260488

Жеміс-жидек, көкөніс алғанда да бағаға қарамайды, «анадан, мынадан сал», дейді. Ол кісі жұмыстан келіп, машинасын қойып жатқанда «саудамды жүргізіп, әңгіме айтатын болды», деп қуанып қаламын.

«Қандай көрікті қызсың, қарындасым. Сені түбі өзіме келін қылып алатын шығармын. Жігітің бар ма?» деп сұрады бір күні.

«Жоқ аға, он сегізге енді толып жатырмын. Достар бар, бірақ олар жігіт емес», дегенмін. Ол кісі сәл жымиып тұрып, кетіп қалған.

Ертесінде: «менің алғашқы әйелімнен туған ұлым, жиырма беске келіп жатыр. Астанада тұрады. Жұмыс істейді. Өзің секілді колледж бітірген, қазір сырттай университетте қосымша оқиды. Сен маған қатты ұнайсың. Келін қылып алғым келеді. Жақында ұлым келеді. Сенімен таныстырамын. Оған дейін «келесі «точкада» тұрған әпке-жездеңмен сөйлесіп, келісіп қоярмын» демесі бар ма? Не дейін? Үндеген жоқпын.

Тағы бірде «ал, келін бала, қашан қолың тиеді. Сенімен әңгіменің басын ашып, бір сөйлесейін деп едім» деді.

«Осы жерде айта беріңіз» деп едім, «жоқ болмайды. Оңаша отырып әңгімелескен жөн. Келін болсаң, ұлым екеуің бірге тұратын пәтерді көрсетейін деп едім. Арзан кезінде алып, ұлыма даярлап қойғанмын. Үйленген күннің ертеңінде соған барып кіресіңдер» деді.

Сонынмен ол кісінің айтқанына көніп, кел деген пәтеріне бір күні бардым. Ойымда ештеңе жоқ. «Мұндай жақсы кісінің келіні болсам жаман ба?» деп іштей ойлап қоямын. Үш бөлмелі кең, жақсы пәтер екен. Қаланың қақ ортасында.

https://kaz.365info.kz/tyrmyskha-shykhkhaly-zhatkhan-zhigitime-khyz-emes-ekenimdi-ajtuym-kerek-pe-255055

 

«Ұлым үйленген кезде сыйға тартайын деп алып қойып едім» деді Серік (ол кісінің есімі) аға. Бұрынғыдай емес, бұ жолы әңгімесі өзгерген. Ақша жайлы көп айтты. «Сауда жасап қайтесің, сұраған ақшаны өзім беріп тұрамын. Әдемі киніп, қатып жүрсеңші» деп бір қойды.

Қой терісін жамылған қасқыр екен

Ұлы жайлы бір ауыз сөз айтпады. «Қызым, келінім, қарындасым» деп сызылып тұрушы еді. Бұл жолы олай атамады. Атымды атап сөйлесті. Жас қыздардың қазір тек ақша болса болды, жасы, не кәрсіне қарамай қыдыра беретіні жөнінде біраз әңгіме айтты. Мұндай әңгімеден кейін мен Серік ағаны танымай қалдым. Ол кісінің мені неге оңаша шақырғаны белгілі болып қалды.

Бір уақытта қолымнан ұстап, «Ұлымның үйленгелі жүрген қызы бар екен. Бірақ екеуміз дос болайық. Ренжітпеймін, сұраған ақшаңды беріп, киніндіріп тұрамын. Осылай оңаша кездесіп тұрайық» деп мені құшақтап алмасы бар ма?

Мұны күтпеп едім. Қарсыласа алмай қалдым. Құшағына қысқан күйі ернімнен ауырта қадала сүйді. Бұлқынып едім, босатпады. Көтерген күйі, төсекке көтеріп алып барып, атып ұрып үстіме қона кетті.

Қарсыласқан мен күшімнің жетпейтінін біліп, «аға қазір маған төсекте болуға болмайды. Етеккірім келіп жүр. Тағы бірде болайық. Ақша берсеңіз, кездесіп тұрамын», деп қулыққа көштім. Ол кісі сеніп қалды. Соны пайдаланып, «аға тұншығып кеттім, жуынып келейінші» деп едім, жіберді.

Осы қулығым арқасында пәтерден қашып шықтым. «Ау, қызым қайда кеттің, мен қалжыңдап едім ғой», деп Серік аға артымнан ұмтылды. Бірақ бұрылып қарамадым.

Жылы сөзіне иланып, сеніп жүрген ағам осындай болып шықты. Бір сөзбен айтқанда, қой терісін жамылған қасқыр екен. Егер мен қулық жасамағанда, ол кісі арам ойын жүзеге асырар ма еді. Әйтеуір аман құтылдым.

Ертесінде «қызым, ренжіп қалдың ба? Әзілім ғой. Ренжіме. Бірақ айтқаным айтқан.

Оңаша кездесіп тұрсақ, ақшалай көмек беріп тұрамын», деп сыбырлап тұр.

«Рахмет аға, ештеңе қажет емес. Ойыңыз белгілі болды.Енді мұндай тақырыпта сөйлеспей-ақ қояйық», деп теріс бұрылып кеттім.

Ол үнсіз қалды. Содан бастап, «аға-қарындас» болып сыйласқанымыз тоқтады. Ол кісі көбіне мені көрсе де, көрмеген болып өтіп кетеді.

Сөйтсем, баяғысы қалайда мені «түсіру» үшін жасап жүрген қадамы екен. Сырты жылтыр, іші басқа мұндай да адам болады екен».

  • Бұл — жас қыздың басынан кешкені. Ойланатын дүние. Қазір мұндай «ағалар» өте көп. Сіз не дейсіз? Сіз қандай адамсыз?

Аян Мырзабек
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-porno-korgish-zhanynda-zhatkhan-magan-kharamajdy-kelinshektin-myny-263208

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз