Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Менен сұрамай ма?”. Олжас Сүлейменов айды аспанға шығарды

289

„Менен сұрамай ма„, дегенді меңзеген Олжас ағамыз латынның шашбауын көтеріп жүрген біздегі зиялы қауымды да сынап-түйреп өтіпті.

Олардың жазығы – оның “Тюрки в доистории” кітабын оқымауында екен.

“Кириллицаны құндылық деп ұғыну қажет, ол құндылықтан бас тартуға болмайды. Бұл туралы мен “Тюрки в доистории” кітабында жазған болатынмын. Ол 2001 жылы жарық көрді. Ғылым академиясы бұл кітапты Күлтегін сыйлығымен марапаттады.

Бірақ оқымаған көрінеді. Немесе бұл мәселе бұрындары-ақ ғылыми орталарда талқыланып, ой елегінен өткізілген болар еді. Бірақ ол орталарды да көріп отырған жоқпын”, — деп атап өтті Олжас Омарұлы.

Ол, “ж” және “з” әріптерін қыпшақтардың ойлап тапқанын және олардың көне түркі орхоно-енисей әліпбиінде жоқ екенін түсіндірді.

Латынды қайтеміз, алдымен, үштілділік туралы жап-жақсы жобамызды жүзеге асырып алайық

Бұдан тыс, Олжас Омарұлы өз сұқбатында қазақы ортаның басым бөлігі наразы үштілділік мәселесін екі қолдап қолдайтынын, қазір осыған көбірек мән беру керектігін жеткізіпті.

“Менің пікірімше, латынға көшуде асығыстық танытсақ, бұл халқымыздың дамуына кедергі келтіруі мүмкін.

Қазір елімізде өте жақсы жоба – үштілдік жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа ұрпақ, мектептерде, сөзсіз, осы жолмен жүреді. Және де олар классикалық халықаралық латынды меңгеріп алады, оны пайдалану арқылы әлемдік ғылым мен техника жетістіктеріне қосылуға болады”, — деді Сүлейменов.

Олжас Сүлейменовтің ойынша, әліпби, ең алдымен, тілмен байланысты болуы тиіс.

Өзбек, әзірбайжан немесе түркімен латынына еліктеу прогресске әкелмейді

– дейді ақын.

Оның сөзіне қарағанда, латын мен кириллица арасындағы күрес бүкіл дүниежүзіне тән. Бүгінде әліпбилердің бұл жарысына арабтың өрме жазуы мен қытай иероглифтері де түсіп жатыр. Жазушы, әзірге ойлануға уақыт бар кезде латын әліпбиіне өтудің барлық пайдасы мен кемшіліктерін саралау қажет екеніне сенімді.

“Үкімет қана шешпейді ғой, рас па? Біз демократиялық елде өмір сүреміз, өз жолымызды талқылап, таңдап алайық”, — деп мәлім етті Сүлейменов.

Сөз соңында, жазушы кириллицаның шығуы мен оның түркі-славян мұрасындағы орны туралы мақала дайындап жатқанын айтты.

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз