Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Мен кімге керекпін?». Белгісіз бойжеткеннің бір хаты

852

Менімен мектепте жүрген Марат әскерге кеткенде Алматыда оқып жатқанмын. Кейін екі жылдан соң ол қайтып оралды. Онымен сол кездегі кездескен сәтімді әлі күнге дейін ұмыта алмаймын. Сағыныш жүректі сарғайтқандықтан, шексіз бақытты едім. Кейін артымнан Алматыға ол да келді. Оның әрекетін құптаудан бұрын, қалада бірге болатынымды ойлап, қуаныштан есім шықты.

Бірде ол мені ағасының үйіне алып барды, өзі қызу. Мен де шампанның шарпуындамын. Үйінде ешкім жоқ. Қызды-қыздымен төсекте табыстық.

Марат қызып алғандықтан, іш киімімді тізеге басып шешіп, «дегеніне» жетті. Қанша жыласам да, ол «әйелдікке аламын» деген кезде сорлы басым тез жұбанған едім. Содан кейін қайтып Маратты көре алмадым.

Алматыда тұрып, бір келмеді. Сонда оның мені бұрыннан алдап жүргені ме? Болмаса ол неліктен өзгерді? Ол жағына басым жетпейді.

Кейін ауылда көрдім, мені танымайды. Жігіттерді жек көретінім осыдан еді. Не деген айуандар, озбыр зұлымдар деп қарадым.

Ал Дарын маған бір көргенде-ақ ұнады. Оның ойы, өзін-өзі ұстауы жүрегімді жаулап, бірден ғашық болдым. Ол жатақханада бірге тұратын жолдас қызымның жігітінің інісі еді. Дарынның мені де ұнатып қалғанын байқап қалдым. Мен бөлмеден шықсам, қайда баратынымды оған айтып, рұқсат сұрағандай болып, асып-сасқан күй кешіп жүрмін. Ол да байқады. Ақыры тез табыстық. Ол күнде келіп тұрды. Өзі зиялы қауымның өкілі еді.

Бір күні сезім шарпуында аймаласып жатып, екеуміз де ләззат алып, рахатқа батып тындық.

Демімізді басып жатып, ол әңгіме бастады. Мәдениетті түрде сыр тартып, ең бірінші кіммен болғанымды сұрады. Мен жылап тұрып, басымнан өткен оқиғаны айтып бердім. Дарын күрсіне тыңдады. Өмірдегі кейбір озбырлардың талайлар тағдырын аяққа таптайтынына қатты күйінді. Ол түн маған өресі биік философияға толы тамаша сабақ болды. Өлем деп терезеге жүгіргенмен, оның ойлы көзі, дәлелді сөздері мені тез-ақ тоқтатты.

Дарынды қаншалықты сүйсем де тағдырыма налыдым. Оны өзіме бағындыра алмадым. Өзімді ойландырып, кейін кете барды. Ұстай алмадым. Оныкі дұрыс еді. Оның да өмірден алар өз үлесі бар. Өйткені бәріне кінәлі өзіммін.

Сол күні ішпесем, Мараттың дегеніне көнбесем, тура бұлай болмас еді.

Істеген ісіме есеп беріп, әліптің артын дұрыстап бағамдасам, біреу маған қой демес еді.

Мен кейде ойланамын: мен кімге керекпін?

Шындығында, кімге керекпін? Алайда мен өмірден баз кешкелі отырған жоқпын. Сүйгенім бар, Дарынға деген сезімім адал. Өмірде ол маған бағыт-бағдар, жол көрсетіп тұрады. Бақытым да – Дарын. Ешкімге керек болмағаныммен, өзім-өзіме керекпін. Бұл пәлсәпамды туындатқан да ғашығым еді. Мен сол үшін өмір сүремін және күресемін».

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз