Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Мен қазаққа күйеу баламын!» – нью-йорктық Стив Қазақстан тарихын зерттейді және шұбат жақсы көреді

336

Бокстан жаттықтырушы Росси туған жері Нью-Йоркте тұрады. Отандасымыз Дианамен танысқаннан кейін Росси Қазақстанды зерттей бастаған, қазір ол Дианамен бақытты отбасын құрған, деп хабарлайды 24.kz.

«Менің жұбайым Орта жүзден. Мен бұл жүз туралы, әсіресе Абылай хан туралы көп оқыдым. Абылай хан нағыз қазақ, тарихи тұлға, —

дейді американдық.

— Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы да оқыдым, ол туралы фильм көрдім. Онымен бір күні кездесуді армандаймын.

Қазаққа күйеу бала болып келемін. 10 жастағы балам бар, есімі — Тимур.

Өзім Нью-Йоркте дүниеге келдім. Бірақ Қазақстан мәдениеті менің жүрегімде. Қазақтар өте жақсы халық!».

Рессидің айтуынша, ол Қазақстанға екі рет келген. Қазақтың ұлттық тағамдары мен сусындарын — бешпармак, палау, қуырдақ, қымыз, шұбат, бәрінің дәмін татып көрген. Стивтің күні тәртібінде міндетті түрде еліміздің жаңалықтарын оқуға, Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеу үшін уақыт бар.

Сонымен қатар, Росси қазақ тілін үйреніп жүр. Елімізге сапар кезінде америкалық қазақ тіліндегі газет, журналдар мен кітаптарды сатып алып, қазір оларды үнемі оқиды екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз