Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мемлекет кедергі болмаса, қазақстандықтар өзіндік даму жолын ойлап табады

177
Суреттің дереккөзі: inbusiness.kz

Әрине, мұнай өндіруші елдердің жаңа жағдайға қайта икемделуіне  30 жылдай уақыты бар. Алайда, экономиканы әртараптандыру жылдам процесс емес, демек, бұл бағыттағы қадамдарды қазірден бастап қолға алу керек. Мұнайға тәуелді болмау үшін экономиканы әртараптандыру оңай шаруа емес. Табысқа жету үшін Қазақстан жоғары технологияларға баса назар аударуы тиіс.

Жай ғана кедергі келтірмеу керек

Wall Street Invest Partners аналитигі  Данияр Жұмекеновтің айтуынша, басқа елдердің тәжірибесіне қарасақ, құрылымдық өзгерістер жасауда бір ғана үкіметтің жоспары жеткіліксіз болады.

— Шын мәнінде, әлемде мемлекеттердің  өзінің кіріс көзін түбегейлі ауыстырып, толығымен өзгергеніне талай мысал келтіруге болады. Олардың барлығы белгілі және «экономикалық керемет» деп аталады.

Бұл бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау: салық көлемін төмендетіп, жеңілдіктер мен арзан несиелер беру және әкімшілік кедергілерді алып тастаудың арқасында іске асты

Кәсіпкерлер қандай бағыттың болашағы бар және дамыған салаға айналуы мүмкін екенін өздері шешті.

Данияр Жұмекенов

 

Мемлекет тек кедергі жасамауы керек. Ал Қазақстан Оңтүстік Кореяның жетістіктерін қайталап, қазіргі заманғы техниканы өндіре ме немесе Ирландияның жолымен жүріп, БҚ әзірлеуде маңызды рөл атқара ма ақыр соңында түсінікті болады. Қазақстандықтар өз даму жолын ойлап таба алады, — деп атап өтті ол.

Қалай икемделу керек?

Жұмекеновтың айтуынша, жоғары технологиялардың: жасанды интеллект, бұлтты сақтау, криптовалюталардың қарқынды дамуы өнеркәсіп сияқты дәстүрлі салаларға тәуелділіктен құтқарады. Оның дамуы қомақты қаржы салуды қаждет етеді. Бірақ

мемлекет азаматтарды сапалы және қазіргі заманғы біліммен қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен қатар бюрократиялық аппаратты реформалап,

ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қаржылық қолдау алу тетіктерін жеңілдету керек.

—  Қайта индустрияландыруды жүргізу және жоғалған кеңестік әлеуетті қалпына келтіру әрекеттеріне қарамастан,  мемлекеттік кірісте әлі де мұнайдың маңызды рөл атқаруда. Оған шетелдік сатудың шамамен 75%-ы мен ЖІӨ-нің төрттен бірі келеді. Бұл факт ескірген стратегияларды пайдаланудың қажеті жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Соңғы 30 жылда өнеркәсіп нарығы түбегейлі өзгерді. Шексіз ресурстары бар ірі ойыншылар билеп отыр. Тиімді өндірісті басынан бастап жасау іс жүзінде мүмкін емес.

Мұнайдың болашағы қандай болады?

— Қазіргі карантиндік шектеулерге байланысты мұнай нарығының жағдайы мәз емес. Алайда

ең нашар сценарийдің салдарын жоя алды:  сәуір айындағы  құлдыраудан кейін  баға 135%-ға өсті

2019 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда мұнай бағасы әлі де 37%-ға арзан. Алайда, шектеу шараларын жаппай жою және бизнес белсенділікті жаңарту «қара алтынның» алдағы тағдырына қатысты үміт артуға мүмкіндік береді. Өндіріс көлемінің күрт қысқарту және бір сәтте өндірісті үлкен жылдамдықпен жандандырудың есебінен 2020 жылдың соңына қарай нарықтағы сұранысты қалпына келтіру барысында қысқа мерзімді тапшылық туындауы мүмкін, — деп болжайды талдаушы.

Оның пікірінше, болашақта 5 жыл бойы мұнай нарығы қалпына келеді. Бірақ барреліне 85 доллар болған 2018 жылдың ең жоғары мәндеріне оралуы екіталай. Бағаның өсуі АҚШ-та бұрғылау белсенділігінің артуына әкеледі. Бұл Иран мен Венесуэлаға қарсы санкцияларға қарамастан, жаһандық өндіріс деңгейінің артуына ықпал етеді және баға белгіленіміне қысым жасайды. Бір барреліне 65-70 доллар диапазонынын мақсатты бағдар етіп алып отыр.

Теңге бойынша болжамдар

— Жаһандық экономикадағы жағдайды және дағдарысқа қарсы шараларды назарға ала отырып,

 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ЖІӨ-нің 13% деңгейінде бюджет тапшылығы орын алуы мүмкін. Шығын кірістен кем дегенде екі есе артық болады.

Осының салдарынан Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемі жеткіліксіз болып, мемлекеттік қарызды 5%-дан 30%-ға дейін арттыруға тура келуі мүмкін. Валюталық түсімдер көлемінің төмендеуі теңгеге қысым көрсететін болады.

Тіпті жаңа экономикалық күйзелістер болмаса да, бағам жыл соңына қарай бір доллар үшін 420-ға дейін төмендеп, бес жыл ішінде 450-ге ауысуы мүмкін

Ұзақ мерзімді аралықта Инвестицияларды қорғаудың ең жақсы жолы — доллар немесе алтын сатып алу. Бұл банкте металл шоттарын ашу арқылы жасалады. Олар асыл металл құнының өсуіне салық төлеу қажеттілігінсіз табыс табуға мүмкіндік береді, — деп қорытындылады ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз