Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мектептің ата-анадан жұмыс орнынан анықтама әкелуді талап етуге қақы жоқ

200

Жұмыс орнынан анықтама талап ету құқыққа қайшы.

Өздеріңіз білесіздер, балаларды мектепке қабылдау мемлекеттік қызмет болып табылады және ол стандартқа сәйкес жүзеге асырылады. Стандарт бойынша тиісті құжаттар тізбесі бекітілген»,-деп түсіндірді Жанғозин Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, құжаттар тізбесінде баланың ата-анасынан немесе ресми өкілінен өтінім, медициналық төлқұжат, 3х4 көлеміндегі екі фотосурет, тұрғылықты жерден анықтама, яғни мекенжай анықтамасы немесе пәтерді жалға алу құжаты қамтылған. Атап айтқанда, мектеп тек осы құжаттарды ғана сұрата алады.

«Қалғандары аталған мемлекеттік қызметтің стандартына жатпайдықтан, олар артық құжаттарды сұрата алмайды.

Сондықтан осы тектес жағдайлар туындаса, онда бізге арыздана аласыздар.

Біз өз кезегімізде әр мектеп бойынша шешім шығарамыз», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз