Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Мектептер жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшіріледі — ҚР БҒМ вице-министрі Бибігүл Асылова

476
Бибігүл Асылова. Сурет: inbusiness.kz

– 2013 жылдан бері мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландырудың апробациясы жүргізілуде. Алдымен, жан басына шаққандағы қаржыландыру дегеніміз не?

– Иә, дұрыс айтасыз, мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыру Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бастап апробациядан өткізілді және оған ауысудың бірінші кезеңі 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласының мектептері базасында жүзеге асырылды.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру – бұл мектептерге қаражат оқушылар контингентіне қарай бөлінетін қаржыландыру әдісі

Бұл әдіс көптеген елдерде қолданылады және өзінің тиімділігін дәлелдеді, біз де оның тиімді екеніне апробацияның нәтижелерінен көз жеткіздік.

Осы ретте, барлық ұлттық стандарттар мен талаптарға жауап беретін қолайлы да, дұрыс әдіснаманы ойластырып табуға көптеген жылдар жұмсалды. Әдіснаманы бағалау үшін әртүрлі елдердің сарапшылары тартылды.

Соның ішінде, біз жан басына шаққандағы қаржыландырудың 5 негізгі принципін атап өттік, олар:

«қамтамасыз ету» принципі – жан басына шаққандағы нормативте мемлекеттік білім беру стандартын қамтамасыз ету үшін барлық шығыстар ескерілген;

  • «тепе-теңдік» принципі – енді 1 оқушыны оқыту құны бірдей;
  • «объективтілік» принципі – «сүйікті мектептер» белгілерінің, шығыстарды жоспарлау кезінде субъективті факторлардың болмауы;
  • «ашықтық» принципі –  әр мектеп өз бюджетін алдын-ала біледі, ол оқушылар контингентіне ғана байланысты;
  • «дербестік» принципі – мектептерге қаражатты жұмсауда дербестік беріледі, өйткені мектепке ненің қажет екені мектеп директорларына ғана белгілі.

Сонымен қатар,

жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілгелі бері мектептерде ақша жинау күрт азайды

Нұр-Сұлтан қаласындағы ата-аналар арасында жүргізілген соңғы сауалнаманың қорытындысы алымдар деңгейінің 80% – дан аса төмендегенін көрсетті.

– Мектептердің барлығы жан басына шаққандағы қаржыландыруға толық қашан көшіріледі?  

– Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу 2020 жылғы                    1 қыркүйектен бастап жүзеге асырылады. Бірақ, осы жерде нақты айта кетейін, жан басына шаққандағы қаржыландыруға жалпы білім беретін қала мектептері ғана ауысатын болады. Орта білім беретін қалған ұйымдардың қаржыландырудың осы әдісіне көшуі жақын болашақта қаралады.

Мейілінше ауыртпалықсыз көшу және барлық қатысушылар арасында жалпы түсіністік орнату мақсатында Білім және ғылым министрлігі жыл басынан бері ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде. Әр мектеппен байланыс орнатылып, 120-дан астам семинар өткізілді, тәжірибе алмасу үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробациялауға қатысқан мектеп өкілдерінің қатысуымен бірқатар онлайн-кездесулер ұйымдастырылды.

Әлбетте, қазір біз үшін әр адамның жан басына шаққандағы қаржыландыруды және оның рөлін түсінуі өте маңызды. Сондықтан, бұл жұмысқа барлық күш жұмсалып отыр.

– Министрлік қандай нәтижелер күтеді?

TALIS-2018 нәтижелері бойынша, мектеп директорларының пікірінше, Қазақстанда мектептерде сапалы білім беру үшін ең көп таралған проблемалар мыналар болып шықты:

1) сандық жабдықтың жетіспеуі немесе стандарттарға сәйкес келмеуі, Интернет желісіне қол жетімділіктің шектеулі болуы;

2) мектеп инфрақұрылымының жетіспеуі немесе сәйкес келмеуі;

3) білікті мұғалімдердің жетіспеуі.

Нұр-Сұлтан қаласының мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшірудің нәтижелерін ескере отырып, жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізудің арқасында бұл проблемаларды шеше алатынымызға толық сенімдімін.

Осы әдіске өтіп,

мектептердің бюджеті орта есеппен 20%-ға өседі, оны мектептер материалдық-техникалық базаны, Интернетті нығайтуға жұмсай алады

Көптеген мектептер осы мүмкіндікті пайдаланып үлгерді және жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген қаражат есебінен қашықтықтан оқыту үшін компьютерлер сатып алды.

Десе де, көптеген нәрсе мектептегі менеджмент деңгейіне байланысты екенін атап өткен жөн. Осыған байланысты, қала мектептерінің барлық директорларынан бюджеттік қаражатқа ұқыптылықпен қарауды, олардың жұмсалуын мектептің нақты қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, тиімді жүргізуді сұраймын. Осы арқылы балаларымыз мектепте өздерін жайлы сезініп, сапалы білім алуы үшін мектептерімізді жақсарту қажет.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз