Павлодар қаласындағы Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектеп балалар тағамына шошқаның етінен жасалған арзан шұжық пайдаланылған.
«5 қарашада комиссия мүшелері Әлихан Бөкейхан атындағы лицей- мектебінде ас мәзірінде шошқаның шұжығынан жасалған асты көрдік. Бұл жағдайды біз білмедік. Сондықтан әкімшілік пен комиссия мүшелері алдағы уақытта бұндай жағдайға жол бермейміз. Мына шұжықтардың барлығын өз қолымызбен қоқысқа тастап жатырмыз», — дейді комиссия мүшесі.
Желіде тараған видеода асхана қызметшісі ата-аналардан кешірім сұраған.
«Құрметті оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар! Сіздерден бүгінгі жағдайға байланысты кешірім сұраймын. Ол фирманың шұжықтарының құрамында шошқа еті болады деп ойлаған жоқпыз. Енді пайдаланбаймыз, ас мәзірінде пицца, шұжық қосылған бәліш секілді тағамдар болмайды», — дейді аспаз.