Астанада мектеп те, сабақ беретін мұғалімдер де жетіспейді. Салдарынан бір сыныпта 50-60 баладан оқып, ұстаздардың сапалы білім беруге уақыты жоқ. Бүгін елордада өткен тамыз кеңесінде мұғалімдер Астана әкімінен мектеп проблемасын шешіп беруін сұрады.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
«Қазіргі таңда бір мұғалімнің екі сыныппен жұмыс істеуі қалыпты жағдайға айналған. Екінші мәселе оқушы орнының жетіспеушілігі. Бір сыныпта 40 оқушы отырғанда жаңа білімді табысты енгіземіз деп айту қиынға соғады», – дейді Астана қаласындағы мектеп директоры Құралай Байтәжікова.