Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мектеп бітірушілер кештеріне қатысты арнайы тұжырымдама жоқ – Ерлан Сағадиев

Министр көп сұралатын сауалға тоқтала келе, бұл тұрғыда мектеп бітірушілер кешін өткізу үшін қомақты ақша жиналатындығы, осы орайда министрлік тарапынан бұл мәселені бақылауға алу мәселесі көтерілетінін атап өтті.

«Осы кешті өткізетін біздің арнайы тұжырымдамамыз жоқ. Ол жыл сайын ұйымдастырылатын мерекелік шара, мектептер өздері қалай өткізетіндігін жақсы біледі. Мектептің әкімшілігі, бақылау кеңесі, ата-аналар кеңесі жиналып, шешім қабылдайды.

Ата-аналар аттестат тапсыру ресми бөлігіне барып, осыдан кейінгі шараларға бармауға құқығы бар. Осы орайда ата-аналарды салтанатты жиыннан кейінгі мерекелеу шараларына баруына ешкім де мәжбүрлемейді», – деді министр.

Айта кетейік, өткен жылы маңғыстаулық түлектер мектеп бітіру кешіне жиналған қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз