Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Мейрамбек білген екен ғой…”. Баянның тағы бір сұмдығы әшкере болды (видео)

435

Мейрамбектің айтуынша

Баян Есентаева, Динара Сәтжан сияқты шоу-бизнестегі әйелдер тұтастай алғанда қазақ қыздарына үлкен ықпал жасап отыр.

Әнші мұндай әйелдердің көп әрекетін құптамайтынын, әрі осыларға еліктеген қазақ қыздары үшін қатты алаңдайтынын тілге тиек еткен.

https://kaz.365info.kz/aman-tasygan-mejrambektin-shyn-bejnesin-korseniz-shoshyp-ketesiz-video-304168

“Бүгінгі күні қазір ел аузынан түспейтін бір-екі қызға бүкіл қаракөздеріміз ұрынып, солар секілді болғылары келіп жүр.

Мәселен, Динара Сәтжан, Баян Есентаева сияқтылар қыздарымызды тәрбиелеп жатыр. Бұл нәрсенің соңы жақсылыққа әкеліп соқтыра ма, жамандыққа әкеліп соқтыра ма білмеймін. Бірақ, қаракөздеріміздің соларға еліктеп жатқандары рас.

Жалаңаш денесін көрсетуді ұят емес дегенді келтіру дұрыс емес. Кей жерде әдепті аттап өтіп жатыр. Мұны сәнге айналдырғандары мені кейде қынжылтады. Мен ондай адамдардың кітабын оқымаймын, уақытымды бос кетіргім келмейді

– деген еді Мейрамбек Беспаев.

Шыны керек, сол кезде мән бермеген едік. Сөйтсек, шындықты айтыпты Мейрамбек. 

https://kaz.365info.kz/bakhytbek-bosap-shygypty-myny-estigen-bayan-khajter-eken-305792

Күні кеше “Баянның кітабын оқыған екі балалы келіншек күйеуімен ажырасқалы жатыр” деген жаңалықты оқыдық. 

Бұл туралы Facebook парақшасында журналист Бибігүл Дәулетбекқызы жазған еді. 

“Инстаграмдағы мына апайдың пікірін сол күйі алдарыңызға жариялап отырмын. Сіздер не дейсіздер, ағайын? Қызының аяқастынан ойын өзгертуіне Баянның кітабы себеп болыпты”,-дейді ол мына хатты жариялап.

 

Баян Есентаеваның кітабын оқыған екі балалы келіншек күйеуімен ажырасқалы жатыр (фото)

Әне, көрдіңіздер ме? 

Баянның соңғы кездегі сұхбаттары тіпті сұмдық. 

Бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың көзіне шөп салғанын жасырмай айтқан болатын Баян.

Күні кеше танымал журналист Аман Тасығанның алдында ағынан жарылған ол “Баян Алагөзова өмірінде тек 2 еркекпен төсек қатынасында болған ба?” деген сауалға жауап бере алмады. 

Алагөзова сұрақты ести салысымен күліп, абдырап, жанында тұрған сусынын бір ішіп, кібіртіктеп қалды.

«Аман, бұл не деген сұрақ? Шынын айтсам, қоғам бұндай ашық нәрсеге дайын емес. Сондықтан менің бұл сұраққа жауап бермеуге құқым бар. Мен жауап бермеймін», – деп қысқа қайырды. Яғни, ол «жоқ, арым таза» деп жауап бере алмады.

https://kaz.365info.kz/tosek-khatynasy-dejdi-atyshuly-zamiraga-anajy-syrakhtar-khojgan-khazakh-zhurnalisi-yyatkha-khaldy-video-296290

“Өзінің отбасын махаббат үшін тастап кету ұят па, ұят емес пе?” деген журналистің сауалына Баян: “Бұл көпшілік үшін ұят. Осылай көп адам өмір сүріп жатыр. Мен бұл сеңді бұздым.  Және бұған мен еш өкінбеймін” деді. 

Ал енді осындай әйелдің кітабын қалай ғана оқуға болады? Кімге үлгі болады бұл кітап?

Солай қазір қырғын сатылып жатқан Баянның кітабы қаншама отбасының шаңырағын ортасына түсіруі мүмкін. Мейрамбек шындықты айтыпты… 

https://kaz.365info.kz/meruert-tysipbaeva-bayan-sylu-prodyuser-bayannyn-dengeji-emes-video-303526

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз