Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мейрамбек басқарады екен…”. Шоу-бизнестің құпиясы ашылды

111

Қазақ эстрадасында ауызбіршіліктің жоғалып бара жатқаны байқалады! Бүгінде әншілер қауымы дәл осылай дабыл қағуда. Ал, жүгенсіз кеткен өнер иелерін тәртіпке салуға кім қауқарлы..?! Шоу-бизнес өкілдерінің басым көпшілігі: «Бұл іске Мейрамбек Бесбаев білек сыбана кіріссе!» – дейді.

https://kaz.365info.kz/aj-yyat-emes-pe-mejrambek-bespaev-ashhy-shyndykhty-ajtty-291334

“Бір жылдан кейін ол жиналыс басталады. Өйткені көп жерлерде ауызбіршілік кетіп бара жатыр. Үлкендердің жинайтын бір королі керек болып тұр. Мейрамбек ағамыз бар.  Оны тыңдаймыз”, – дейді Ринат Баситов.

Баситовтың бұл ұсынысын Қайрат Нұртас та қуана қоштайды. Атағы аспандаса да, хитмен ешқашан өнердегі аға буынның жолын кесіп өтпегенін айтады.

“Мейрамбек ағаларымды, Сәкен ағаларымның ешқашан алдына шықпағанмын. Той болсын, қандай қызықшылық болсын бірінші ән айтып кету, ағаларымның алдына шығу деген болмаған”, – дейді Қайрат Нұртас.

“Мейрамбектің өзіндік орны бар ғой қазақ эстрадасында.  Мейрамбекті бәріміз құрметтейміз. Король десе, король ғой… Мен келісемін”, – дейді Нұрлан Еспанов.

https://kaz.365info.kz/oj-khyrysyn-dejdi-bari-mejrambek-bespaev-nege-ashynyp-zhyr-275508

Бірақ, Бесбаев отандық эстраданың тағына мініп, патша болуға талпынбайды. Әріптестерін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстау оның жоспарында да жоқ. Мейрамбек үшін ең бастысы сыйластыққа сызат түспесе болғаны…

«Ашса алақанында, жұмса жұдырығында» – деген, ондай қырық өсекті көрген емеспін. Бірақ, мен шама келгенше эстрададағы жасы болсын, үлкені болсын барлығымен тату өмір сүруге тырысамын”, – дейді Бесбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз