Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Медсақтандыру 2020 жылға қалдырылды: кімдер төлейді, қашан және қанша?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Елена Бахмутованың айтуынша, сонымен бірге жұмыс берушілер үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар көлемі 5 пайыздан 3,5 пайызға төмендейді. Сәйкесінше, жұмыс беруші қызметкер табысының 1,5 пайызы көлеміндегі айырманы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады. Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустер, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар 2018 және 2019 жылдары өздеріне жарна төлемейді. Дегенмен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі ең төменгі жалақының 5 пайызын төлейді.

Жұмыс берушілер секілді олар да өз қызметкерлеріне 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ай сайынғы жарна жасауды бастады.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап келісімшарт мерзімі ішінде ай сайын төлейді. Жарна көлемі 2020 жылы келісімшарт бойынша алынған табыстың 1 пайызын, 2021 жылы 2 пайызын құрайды.

Жалдамалы қызметкерлердің табысынан жарнаны жұмыс берушілер ұстап қалып, төлейді. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс беруші аударым жасап келді. Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші ай сайын олардың жалақсынан жарна ұстап қалып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады: ол 2020 жылы жалақының 1 пайызын, 2021 жылы 2 пайызын құрайды.

Егер азамат жеңілдік санатына жататын болса, оған мемлекет төлейді. Мемлекет 14 санатқа кіретін азаматтарды тегін сақтандырады: олардың арасында балалар, жұмыссыздар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істемейтін тұлғалар, мүгедектер, жұмыс істемейтін оралмандар бар.

Тұрақты жұмысы жоқ және жеңілдікті санатқа кірмейтін жеке тұлғалар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі үшін ай сайын 1 ең төменгі жалақының 5 пайызы көлемінде жарна төлейді.

Дереккөз: Sputnik

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз