18+
Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
7
USD
378.87
-0.03
EUR
422.4
-0.34
RUB
5.87
0.00

Медициналық пойыз Қазақстанның шалғай аудандарын тегін көмекпен қамтамасыз етеді

Бүгін Қазақстанның шалғай аудандарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ететін медициналық пойыз өз жұмысын бастады. Жобаны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ көмегімен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

Биылғы жылы медициналық пойыз өз жұмысын Алматы қаласынан бастайды және Қазақстанның барлық аймақтарына барады. «Samruk-Kazyna Trust» Қорының Бас директоры Диас Әзбергенов пойыздың жұмыс кестесі және жобаның мерзімі жайлы атап өтті.

«Биылғы жылы біз баратын облыстардың санын арттырдық. Пойыз 14 облысты аралай отырып, 21 желтоқсанға дейін жолда болады. Медициналық пойыз кестесіне сәйкес бірінші болып Алматы облысының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. Осы өңірден соң пойыз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бағыт алады. Бұдан әрі «Денсаулық» пойызының батыс өңірлерге алған бағыты оңтүстікке жалғасады да, Жамбыл облысында өз бағдарын аяқтайды. Жалпы алғанда пойыз 195 бекетті айналып өтеді, ал жалпы жүріп өту қашықтығы 19 000 км-ден асады», — Диас Әзбергенов атап өтті.

Медициналық пойыздар  еліміздің шалғай елді мекендерінің және жақын ауылдардың тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Аталмыш жоба еліміздің шалғайдағы барлық тұрғындарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.

Пойыз неміс және жапон өндірісіндегі жетекші фирмалардың заманауи диагностикалық жабдықтарымен жабдықталған. Жабдықтар келушілерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық анализдер, рентгенография және флюрографияны, ішкі ағзалар мен тамырларды УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмманы, гастрофиброскопияны және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Пойыздардың жүру кестесін www.medpoezd.kz және  www.sk-trust.kz/ru сайттарында бар.

Айта кеткен жөн, медициналық бригадалардың құрамында терапевттер, тіс дәрігерлері, окулистер, маммологтар және басқа да мамандар бар. Жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада іске қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Медициналық пойыздар» жобасын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры»-мен бірлесе 2010 жылдан бастап жүзеге асырды. Оның жұмысына еліміздің 9 аймағы — Алматы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтитын «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» екі Денсаулық пойызы тартылды.