Мексиканың Чиуауа қалалық ауруханасының медбикесі Серхио Умберто Падилла Эрнандес коронавирус инфекциясынан қайтыс болардан бір күн бұрын туыстары мен достарына жан түршігерлік бейне хабарлама жазып қалдырған.
— Құдай маған қандай тағдыр дайындаса да, қандай жағдай болса да менің кім екенімді және кім болғанымды естеріңізде сақтағаныңызды қалаймын. Себебі бұл қоштасу емес. Мен бірнеше күннен кейін оралатыныма сенімдімін, — деген Серхио туыстары мен достарын жақсы көретінін айтты.