Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
15
USD
442
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.86
0.00

Медициналық құпияға қарсы вакцинация: ковидпен күрес жаңа деңгейге көтерілді

464
фото ugkk.ru сайтынан

21 шілдеде Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша оң ковид-мәртебесі бар және қоғамдық орындарға баратын карантинді бұзушылардың аттарын жариялау туралы шешім қабылданды.

Ал премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов “мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне иммунизациялау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алуын арттыруды” тапсырды.

Процедураны қадағалаймыз

22-шілдеде қоғам қайраткері және кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов Facebook-тегі парақшасында алаяқтықты болдырмау үшін вакцинация процесін бақылауға бастама көтерді.

“Кеше қоғамдық белсенділер тобы Алматы басқармасының басшылығымен біздің қаламызда вакцинацияны арттыруға әсер етудің қажетті және жылдам тәсілдерін талқылады”, — деп жазды Нұрпейісов (стилистика, пунктуация және орфография сақталған – ред.). – “Айтпақшы, вакцинацияға алуға тиіс миллион азаматтың 600 000-ға жуығы қазіргі күні екпе алған, және бұл ел бойынша өте жақсы көрсеткіш, бірақ жалған төлқұжаттардың саны өте көп, шамамен 10-нан 30%-ға дейін! Қоғам белсенділері ақшаға жалған вакцина төлқұжаттары жасау себептері мен әдістерін талдап

екпе жасау пункттерінде бақылауды күшейту ұсынылды, ал олардың біздің қаламызда шамамен 70-тейі бар, еріктілер препараттың адам ағзасына нақты енгізілгенін бақылайды,

екпе салынбағаны анықталған жағдайда арнайы жедел желі арқылы полиция шақырады”.

Медициналық құпия күмәннен де маңыздырақ

Шынында да, неге олай болмасқа? Ал себебі, ол жоқ! Адвокат Шолпан Исмаилова осындай бастамаларды іске асыруға тыйым салатын заңнама нормаларын келтірді.

— Қоғам қайраткерінің идеясы вакцинация кезіндегі алаяқтыққа қарсы тұруға бағытталған болса да, бұл адам құқығын қорғайтын нормаларға қайшы келеді”, — дейді адвокат. — Вакцинация кабинеттеріне күмәнды сұйылту үшін бақылаушыларды отырғызу ешбір қисынға келмейтін жағдайға дейін жеткізуі мүмкін. Дәл осылай перзентханаларда босанған әйелдерді де бақылауға болады –олар шынымен де дүниеге сәби әкелді ме, әлде бөтен нәрестені сатып алды ма?

Дәл осылай гинеколог пациентті шын мәнінде қабылдады ма әлде DamuMed-ке тек тіркеу жасады ма деген де күмән болуы мүмкін. Медициналық құпияны еске түсірейік

Дәрігерлік құпия туралы Норма Ұлт денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте бекітілген. 273-бапта медицина қызметкерінің құпиясы ретінде — дербес медициналық деректер, медициналық көмекке жүгіну фактісі, адамның денсаулық жағдайы, оның сырқатының диагнозы туралы ақпараттар және оны тексеру мен емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер туралы тікелей айтылады. Жағдайлардың шағын тізбесін қоспағанда, бұл мәліметтер жария етуге жатпайды.

Яғни, адамның вакцинациялау пунктіне келуі оның куәгерлерсіз қызметкермен құпия байланыс орнатуын білдіреді

Өкілеттіксіз бақылау

— Бұл екпе кабинеттеріндегі бейнебақылау камераларына да қатысты, – дейді адвокат. – 2020 жылғы 30 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен техникалық бақылау құралдарын қолдану қағидалары бекітілді.

Медициналық мекемелерде олар бәріне ортақ бөлмелерде, дәліздерде, тамақтану орнында орнатылуы мүмкін. Жеке гигиена бөлмесінде, емшара және іс-қимыл кабинеттерінде, операциялық блоктарда орнатуға тыйым салынады

Денсаулық сақтау министрлігі екпе кабинеттеріне қойылатын нақты талаптарды бекітті. Онда қызметкерлер мен вакцина алушы адамдар үшін қауіпсіз болуы керек. Бөлмеде бөтен адам болғанда бұл қауіпсіздікке кепіл бола ала ма?

Қорытындылай келе, егер адам саналы түрде вакцина алуға келсе және оны бөтен адамдар немесе бейнекамера қарсы алса, ол медицина қызметкерімен оңаша қалмайынша вакцина алудан бас тартуға құқылы.

— Медицина қызметкерлерінің өздері вакцинация процесіне қандай да бір ерікті бақылау орнату пациенттердің құқықтарын бұзу екенін білмейтініне күмәнім бар. Бірақ мұндай бастамалар көтерілгенде олар неге үндемейді?

– Себебі оларда рух жоқ. Себебі жалған вакцинация паспорттарына қатысты жағдай бүкіл жүйенің беделін түсіреді. Енді дәрігерлер бақылаудың кез-келген түріне кедергі жасамайды, олар үшін вакцинация процедурасының ашықтығына ешкім күдіктенбесе болды.

Заңның кері күші жоқ

– 21 шілдеде ВАК БАҚ-та “Ашық” жүйесі ұстаған “қызыл” тәртіп бұзушылардың аты-жөндері жарияланатынын мәлімдеді. Бұл жеке деректер туралы заңның бұзылуы ма, жоқ па? Өйткені, бұл адамдар басқаларға жұқтыру қаупін тудырды. Ал Конституция мұндай категориялы адамдардың жалпы құқықтарын шектеуге мүмкіндік береді.

— Бұл жеке деректерді қорғау туралы заңның да, медициналық құпия ұғымының да 100% бұзылуы. Мемлекет қоғам мүддесі үшін вирус жұқтырған адамдардың құқықтарын шектеп, оларды әкімшілік жазаға тартуы мүмкін.

Бірақ жеке деректерді жариялау – бұл басқа. Заңның кері күші жоқ. Және кез келген жағдайларда дербес деректер сол күйінде қалады

Атымда не бар, «Ашық»?

Біз әдеттегі іздеу жүйесінде 23-шілдеде оң ковид-мәртебесі  жарияланған Алматылықтарды іріктеп “теріп көрдік”. Олардың әрқайсысы бойынша бірнеше ұқсас атаулар табылды, олардың ішінде әртүрлі мамандықтардың өкілдері, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер де бар. Сонда не істейміз? Жазалау үшін әрқайсысын “жаппай ұстағанын” күтеміз бе? Баспасөз оқырмандарының арасында жұқтыру қаупін кім және қалай қабылдайтыны белгісіз.

Шын мәнінде, заңгерлер көптен бері пікірталас жүргізіп келеді, оладың айтуынша

“Ашық” платформасы кез келген адам пайдалана алатын дербес деректер жинағышына айналды. Адамның ЖСН-ін білу жеткілікті

Дәл осылай сауда орталықтарының күзетшілері ұялы телефондарында “Ашық” жоқ келушілердің мәртебесін “осылай анықтайды”. Содан кейін біз алаяқтық өсіп барады дейміз.

Міне, мемлекеттік аппарат толыққанды заңдық түсініктеме беруі тиіс тағы бір парадокс.

2020 жылғы 23-қыркүйекте Денсаулық сақтау министрінің №108 Бұйрығымен әлеуметтік мәні бар аурулардың жаңа тізбесі бекітілді. Ол 13 тармақтан тұрады:

  • Туберкулез
  • Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ)туындаған ауру
  • Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы
  • Қатерлі ісіктер
  • Қант диабеті
  • Психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары)
  • Балалардың церебралды сал ауруы
  • Жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай)
  • Ревматизм
  • Дәнекер тінінің жүйелік зақымдануы
  • Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары
  • Орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары
  • Орфандық аурулар.

Бұл №108 бұйрықта жұқпалы аурулар бар болса да, ковид жоқ. Сол кездің өзінде пандемия жарияланған болатын.

2020 жылғы 28-қазанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін, айналасындағыларға қауіп төндіретінинфекциялық, паразиттік аурулардың тізбесін бекіту туралы Денсаулық сақтау министрлігінің №162 жаңа бұйрығы шықты.

Міне, ол жерде ковид бар. Дәл сол, қызылша, тұмау, скарлатин және бөртпе тәрізді

Алайда, өлімге алып келу қаупі бар тұмаудың немесе қызылшаның көбейгендігі туралы хабарлама жұқтырғандар туралы мәліметтерді жариялауға түсінбестікке жеткізбейді. Құқық қорғаушылар вакцина алуды насихаттау мен антиковидтік күресті қисынға келмейді және заңсыз шешімдер қабылдамай жүргізу керек деген талап қоюда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз