Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
454
-0.23
EUR
509
-0.16
RUB
5.59
-0.06

Мәжілістегі сайлауға 15,3 млрд теңге жұмсалады

177
Сурет: Sputnik Қазақстан

Барлық шығын 15,3 млрд теңгеге бағаланады, деп хабарлады ОСК хатшысы Сабина Мұстафина Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында.

— Үкіметке ұсынылған 2020 жылға арналған шығынның шамамен алынған сметасы 10,8 млрд теңгені құрайды. Бұл шығындардың негізгі үлесі сайлау комиссиясының 10 061 мүшесінің 70 681-іне еңбекақы төлеуге жоспарланып отыр. Бұл 7,3 млрд теңге немесе жалпы шығыстар сметасының 68 пайызы.

Қалған 3,5 млрд, яғни 32 пайызын сайлау комиссиясының ұйымдастыру шығыстарына жұмсау жоспарланған: бюллетеньдер, полиграфиялық және өзге де өнімдер дайындау, сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеу. Сондай-ақ сайлау комиссиясына қажетті материалдық-техникалық жағдай жасау керек, —деді Мұстафина.

Тағы 341,4 млн теңге сайлау комиссиясы мүшелерін коронавирустан қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз