Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Мәжілістегі Мәулен Әшімбаевтың орнын Мұхтар Ерман басты

54 жастағы Мұхтар Ерман – бұрынғы Киров атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

1999-2005 жылдары “Алматыжарнама” мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды. 2005-2006 жылдары “Асар” республикалық партиясы Орталық аппаратында хатшының орынбасары, артынша хатшы лауазымына ие болды.

2006-2008 жылдары “Нұр Отан” партиясының Орталық аппаратында хатшы болды. 2008 жылдан “Нұр Отан” партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.

2013-2014 жылдары “Еуразия” бірінші арнасында” бас директорының орынбасары болды. 2014 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі “Нұр Отан” фракциясының аппараты басшысы қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, Мұхтар Ерман Мәулен Әшімбаевтың орнына келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз